Жамбыл ауданында Киберқылмысқа қарсы түсіндірме шарасы өтті
«Аз ақша салып, мол пайдаға кенел». Ғаламторда осындай жарнамаға сенетіндер кибер алаяқтардың құрбаны болып жатыр. Мысалы, былтыр облысымызда бір айда 100 ге жуық адам айлакерлерге алданып, мүлкі мен ақшасынан айрылаған. Жамбыл ауданында ақпараттық-түсіндіру шарасын өткізген тәртіп сақшылары осындай деректері келтірді. Ал киберқылмыстан қалай сақтану керек?
Алматы облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы қызметі тұрғындарға алаяқтардан қалай сақтану қажеттігі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Былтыр облыста бір айдың өзінде 95 кибер қылмыс тіркелген.Түскен арыз бойынша қаскөйлердің шоттары бұғатталып, қолды болған 38 миллионның жартысы ғана иесіне қайтарылды. Бірақ, жалпы жымқырылған қаражат одан да көп болуы мүмкін.
ӘЛІМБЕК КЕРІМ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
«Облыстың өзінде Қонаев қаласында 38 млн теңгесінен айырылған тұлғалар болды бір адамның өзінде. Бұл азамат өзінің үйін залогқа қойып барлық ақшасын сонда салып жіберген. Бірақ ол өздігінен жібермейді. Алаяқтың айтуы бойынша. Алаяқ оған шоттар береді, соған аударып жібереді. Олар ойлайды олар оны электронды форматқа салып жатыр деп негізінде олай емес. Бұлар қарапайым жеке тұлғалардың шоттары. Биыл ең көп 19 млн тіркелді Алматы облысында. Бұл жерде инвестиция бойынша.»
«50 мың сал да миллион ал». Әлеуметтік желіде осы сынды инвестициялық жарнамалар көбейген. Оларды танымал тұлғалар мен қорлар жарнамалайды. Алайда, бұл алаяқтардың әрекеті. Сондай-ақ, қаскөйлер өздерін құқық қорғау өкілі, ұлттық қауіпсіздік комитеті не болмаса банк қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтарды ұстау жөніндегі арнайы операциялар жөнінде хабарлайды. Немесе жасанды интеллект арқылы танысыңыздың кейпінде, дауысына дейін айнытпай салып хабарласады.
ӘЛІМБЕК КЕРІМ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
- Бұл реклама ютубта кездесіп қалса оңай анықтауға болады. Ол рекламаның оң жақ шетінде үш нүктесі болады. Сол үш нүктені басатын болсаңыз сол рекламаның қай мемлекетте кімнен жарияланғанын көре аласыздар. Ол рекламалардың барлығы 100 пайызы шетелде жарияланған.
Алаяқтардың адамды арбайтын айла-тәсілдері көп. Олар sms-код сұратып, жалған инвестициялық жобалар арқылы табысты уәде етеді. Шын мәнінде жұмыс істемейтін интернет-дүкендер, сондай-ақ делдалдық сипаттағы «дроперлік» схемаларға ерекше назар аудару қажет. Азаматтарға ақпараттық-түсіндурі шарасын өткізген полиция қызметкерлері алаяқтардан сақ болуды қескертті.