«Таза Қазақстан» акция аясында Қарасай ауданында қан тапсыру күні болды
"Таза Қазақстан" акциясы тек қоршаған ортаның емес, жан мен тәннің тазалығы. Игі бастама аясында ерікті түрде қан тапсыру айлығы жарияланды. Өңірдегі қан орталығы бұл бастаманы қолдап, жұмысқа кірісіті. Алматы облысының қан тапсыру орталығында донорлар жылына 6000 литрден астам қан тапсырады. Ал қан тыпсырудың басты шарты қандай?
Денсаулық сақтау министрлігі ақпан айын Қан тапсыру айы деп жариялан болатын. Бұл бастама ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік, өзара көмек құндылықтарын нығайтуға бағытталған. Облыстық қан орталығында игі бастаманы қолдап келгендердің қарасың қалың.Белсенділік танытып, өз еркімен қан құю орталығына келгендердің бірі Бану Сайлауова. Өз қанын беріп, өзгенін өмірін сақтағысы келген бойжеткеннің жасы 25 те. Бану бұл сауапты амалды жақсы әдетті айналдырған.
БАНУ САЙЛАУОВА
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
- Осында қан тапсыруға ерікті болып келіп отырмын. Қан тапсыру арқылы бір емес 3 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Сол себепті өзімнің осы Қазақстан халқына деген, Алматы облысының тұрғындарына деген, қан және оның компаненттеріне қажеттілігі туындаған жандарға өз үлесімді қосқым келеді. Ол маған да денсаулығыма да пайдалы.
Облыстық қан орталығына күніне 100 адам келеді. Әйтседе, қан кез келген адамнан алынбайды. Алдымен қанның тобы мен жарамдылығы анықталады. Орталық жүйеге донор туралы ақпарат еңгізіледі. Содан кейін ғана рұқсат беріліп, сараптамадан өткен қан ауруханаларға жіберіледі. Сондай-ақ, өңірде қан тапсырып донор болам деушілер үшін көшпелі бригада да жұмыс істейді.
АЗАМАТ ЗАЙЫРОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Былтырғы жылды алатын болсақ Алматы облысында 19498 қан құйылды. Біздің тарапымыздан берілген тарап 21 мың қанды құрады. Қазіргі таңда жылдан жылға қарағанда қанның қолданылуында өсім бар. Себебі Алматы облысының медициналық ұйымдарының көбеюіне, жоғары мамандандырылған оталардың санының өсуі, соған қоса тағы бір себеп Алматы облысының халқының өсуі.
Алматы облысында соңғы жылдары донор болушылар саны артқан. Былтыр 15000 тұрғын донор болуға ниет білдіріп, 10000 ы қан берген. Елімізде 18 жасқа толған азаматтар ғана ерікті донор бола алады. Сонымен қатар, қан тапсыратын азаматтар арнайы анықтама негізінде бір күнге жұмыстан босатылады.