Қонаевта Қазақстан Халық Ассамблеясы отырысы өтті
Қонаевта Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасы орынбасарының қатысуымен жиын өтті. Басқосуда этносаралық татулықты нығайту мен қоғамдағы өзара сенімді арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мемлекет жүзеге асырып отырған конституциялық бастамалардың мәнін халыққа кеңінен түсіндіру жолдары қарастырылды. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен қоғамдық құрылым өкілдері Ата-заңға енгізілген өзгерістер елдік пен бірліктің негізі екенін атап өтті.
БАҚЫТБЕК ДӘУЛЕТОВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАЛЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
- Біз енді ақсақалдар осы жастарды тәрбиелеуде көп жүреміз. Мына мектептерге барамыз, колледждерге, әскерде боламыз. Жастарды Отанды сүюге және патриотизмге сондай тәрбиелерді көп өткіземіз. Енді бүгінгі біздің заңымыз өтіп жатқан, бұл біздің құқығымызды, бостандығымызды қорғайды деп сенемін.