Кеген ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды
Кеген ауданының Ұзынбұлақ ауылында жеке инвестиция есебінен өрт сөндіру бекеті ашылды.
Бұған дейін ауылдық жерде өрт оқиғасы тіркелсе, көмек аудан орталығынан келетін. Енді жаңа бекет қажетті техникамен толық қамтамасыз етілді. Бекетке Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінен екі өрт сөндіру көлігі бөлінді. Мұнда төрт маман тұрақты қызмет атқарады. Өткен жылы облыс аумағында осындай 9 нысан пайдалануға берілген. Ұзынбұлақтағы бұл бастама – ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі. Аудан басшылығы алдағы уақытта осындай игі іс өңірдің өзге ауылдарында да жалғасатынын атап өтті.