Қарасай ауданында «Бала құқы: тәжірибе және сабақтастық» атты форум ұйымдастырылды
Бала құқы басты назарда. Қарасай ауданында «Бала құқы: тәжірибе және сабақтастық» атты форум ұйымдастырылды. Мамандар оқушылармен піркір алмасып, ата-аналарға құнды ақпарат берді. Психологтар бала тәрбиесінде жиі кездесетін олқылықтарды атап, алдын алу жолын түсіндірді.
Оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді ашық айтты. Жасөспірімдер арасында әлімжетік пен түрлі қысымның бар екені де жасырын емес. Ашық алаңда көтерілген әрбір сұраққа мамандар нақты жауап берді.
ӘСЕЛ ЕРКІМБАЕВА
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Өкінішке орай қазір өздеріңіз біліп отырсыздар, статистикаға да сәйкес балаларға қатысты зорлық зомбылық өте көбейіп кетті. Сол мәселелердің алдын алу бойынша біз балалардың өзінің құқығын білу, сонымен қатар міндетін білу. Жалпы балаларға қатысты қылмысты, жалпы заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған жоба
Психологтар баланың құндылығы дұрыс бағытта болуы керегін атап өтті. Ұлттық тәрбие мен адамгершілік негіз қалыптасса, қоғамдағы көптеген мәселенің түйіні шешіледі. Осы орайда тәрбиеде үлкен рөл ойнайтын «кітап» дейді мамандар.
СЕЙІЛБЕК МЫРЗАБАЙ
ПСИХОЛОГ
- Сайысты ұйымдастырып жүру барысында бір нәрсені жақсы түсінді. Мына адамның өзі , философияда бұл болмыс деп аталады. Яғни болмыстың өзін өзі дүниеде реализовать ету деп айтылады. Ол деген сөз мына балалның заң мен тәртіп аясында дұрыс өмір сүруі тікелей өзінің болмысын танудан басталады. СКЛ. Сондықтан да шикі болмыс болғандықтан да, ата ананың мойнында үлкен жауапкершілік бар. Яғни оның болмысын немен толтырады. Қандай құндылдықпен толса, ол сондай адамға айналады.
Елімізде жасөспірімдердің 13 пайызы, яғни шамамен әрбір сегізінші бала кибербуллингке ұшыраған. Бұл көрсеткіш ұлдар арасында 15 пайыз, ал қыздар арасында 12 пайызды құрайды. Осындай тәрбиелік шаралар жасөспірімдер мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына және қауіпсіз әрі сенімді ортада өсуіне ықпал етеді.