Конституциялық реформа. Алматы облыстық мәслихат депутаты С.Горянойдың пікірі
Қазақстандықтар конституциялық реформадан елдің айқын даму бағыты мен түсінікті өмір ережелерін күтеді. Алматы облыстық мәслихат депутаты Сергей Горянойдың пікірінше қоғамның сұраныстары едәуір өзгерген. Сондықтан Қазіргі конституциялық нормалар мемлекеттік басқару тетіктерін, азаматтардың құқықтарын, білім беру мен денсаулық сақтауды және жергілікті билік рөлін нақты реттеуі тиіс.
СЕРГЕЙ ГОРЯНОЙ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
- Қазіргі қоғам өзгерді. Жаңа Конституция – маңызды әрі өзекті қадам. Мен барлық түзетулерді және жаңа Конституциялық жобаны толық қолдаймын. Сол себепті еліміздің негізгі заңы заман талабына сай өзгеруі қажет деп білемін.