Қоғамдық көлік жаңарып келеді
Алматы облысында қоғамдық көлік жаңарып келеді. Соңғы үш жылда өңірдің автобус паркі 113 жаңа техникамен толықты. Былтыр облыс жолдарына 36 жаңа автобус шықты. Бұл жұмыс арқылы көптен бері қордаланған жолаушы тасымалы мәселесі жүйелі шешілмек. Ал биыл бұл салада атқарылар жұмыс жоспары қандай?
Бұған дейін қоғамдық көліктің жай-күйі көңіл көншітпейтін. Автобустар әбден тозып, кей бағыттарда қатынас сиреп кеткен еді. Соңғы рет автобус паркі 2018 жылы ғана жаңартылып, Қонаев қаласына небәрі 11 автобус алынған. Ал аумағы кең, халқы жыл сайын өсіп жатқан облыс үшін бұл жеткіліксіз болды.
МЕДЕТ КАНАФИЯНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Автобустар тасымалдаушылардың өз қаражаты есебінен жеңілдетілген лизинг арқылы 23 жылы 33 автобус алынды, 24 жылы 44 алынды, 25 жылы 36 автобус алынды.. Биыл жалпы облыс бойынша 31 автобус алу жоспарланған оның 11 автобусын тасымалдушылар уже алды. Автобустар осы қазақстандық, өзімізде өндірілген жиналған автобустар»
Жаңарған көлік ең алдымен барыс-келістің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Техника жаңарған соң қозғалыс кестесі сақталып, жолаушылардың қауіпсіздігі де күшейеді. Соның нәтижесінде елді мекендер арасындағы қатынас, әсіресе таңғы және кешкі қарбалас уақытта біршама жақсарды. Сондай ақ Қонаев қаласы бойынша 5 жаңа бағыт іске қосылды.
«Автобустар вообще таза іші, постоянно Бұрыңғы ескі автобустарда таза болатын. Өзіміз пассажирлар бірдемені былықтырмасақ, былай әйбат болатын.»
«Автобустар қазір жақсы жүреді. Бірақ кішкентай автобус, адамдар сыймайды. Особенно дачада, 10 мин сайын жүреді автобустар, жақсы рахмет.»
Бүгінде өңірде 84 бағыт тұрақты түрде жұмыс істейді. Облыстық жолаушы көлігі басқармасы алдағы кезеңде әлеуметтік маңызы бар маршруттарға басымдық берілетінін хабарлады. Көлік жетіспейтін немесе қатынасы жиі үзілетін бағыттарда ескі автобустар айналымнан шығарылып, орнына жаңа техника қойылады.
БІРЖАН ШЫМШЫҚОВ
АВТОПАРК ДИРЕКТОРЫ
«Жаңартылған бес автобус бар. Оның біреуі мына Кербұлақ, Сарыбұлақ сельский округта жүрген симай халқы сол жаққа қосымша бір автобус қосылды 40 орындық. Қазіргі уақытта күніне 80 нен 120 адамға дейін тасымалдайды. Төрт автобус осы қала маршрутына четверка қосылды, семерка қосылды и қосымша резервке екі автобус қойылды қазір»
Қонаев қаласы өсіп келеді. Соған сай қоғамдық көлікке деген сұраныс та артып отыр. Сондықтан автобус паркін жаңарту уақыт талабы. Бұл шаралар жолаушылар тасымалындағы түйткілдерді біртіндеп шешіп, жолакшылар тасымалын жеңілдетуге арналған ұзақ мерзімді жұмыс.