Алматы облысында соңғы үш жылда мақсатсыз игерілген 500 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы облысында соңғы үш жылда пайдаланылмаған және мақсатсыз игерілген 1 миллион 260 мың гектар жер анықталды. Соның 500 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жер фермерлерге, ортақ қолданыстағы жайылымға және инвестициялық жобаларды іске асыруға берілді. Ал қалған жер мемлекеттік жер қорына енгізіліп, алдағы уақытта өнімділігі жоғары шаруашылықтарға үлестіріледі.

МЕРУЕРТ ОШАҚБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«ҚР ауылшаруашылығы жер ресурстарын басқару комитетінің  Алматы облысына қойған жоспары жер қайтару бойынша 40 мың гектар. Біз облыс әкімінің тапсырмасы бар, басқа да тапсырмалар бар соларды ескере отырып, белгіленген жоспармен шектелмей жер ресурстары басқару департаменті бар, аудан, қала әкімдіктері бар пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқаратын боламыз»

Сондай-ақ оқыңыз: