Кооперативтерге қолдау қажет

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы Райымбек ауданына жұмыс сапарымен барды.

Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өзекті сұрақтарға жауап берді. Шаруалар Ақбұлақ су каналы құрылысын аяқтауға қаржы бөлу, зиянкестерге қарсы күресті күшейту және «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданға басымдық беруді сұрады. Сондай ақ ол аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында грант алып, жұмысын бастаған «Eco Chicken» жобасы құс шаруашылығын дамытуды көздейді. Қазіргі таңда ауданда 5 сервистік-дайындау орталығы жұмыс істейді. Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Қақпақ ауылының ауыз су жүйесінің жай-күйімен танысып, Су үнемдеу қондырғылары орнатылған,  500 гектар жері бар «Алтын Дән» өндірістік кооперативінде болды. Шаруашылық басшысы қойма тапшылығы мен қаржыландыру мәселелеріне қатысты бірқатар түйткілдер барын  айтты. 

ДУЛАТ ҚҰЛМҰРАТОВ 
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
“2025 жылы жеткен жетістігіміз “Pepsico” компаниясымен келісімшартқа отырып, ұзақ мерзімге жұмыс жасауға ниет етіп отырмыз. Бірақ, осы мәселемен қатар бізде қазір қойма мәселесі, кішкене болсада финанс жағынан сұрақтарымыз болды. Қазіргі уақытта талқыланды, алдағы уақытта жауаптарын айтамыз деді”

Сондай-ақ оқыңыз: