101 жасар қария Солтанбай Жарықбасұлының өнегелі сөзі
Алматы облысында атқа мініп, көзілдіріксіз көлік айдайтын 101 жастағы қария тұрады. Жастайынан тағдыр тауқыметін тартса да Солтанбай Жарықбасұлы еш қиындыққа мойымады. Екінші дүниежүзілік соғыста қолына қару ұстап, жаумен шайқаста ерлік танытты. Елге оралған соң білім алып, бар саналы ғұмырын ұстаздыққа арнады. «Адамгершілік қасиет пен ұлтқа адал қызмет - азаматтың негізгі ұстанымы болуы керек» дейді ғасыр жасаған қария.
Солтанбай Жарықбасұлы 1925 жылы 17 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданы, Алға ауылында дүниеге кеді. Биыл соғыс ардагері 101 жасқа толады. Ғасыр жасаған қария өмірлік зайыбымен 3 қыз, 5 ұл өсіріп, немере, шөбере, шөпшек сүйді. Балалық шағы ашаршылықпен, жастық шағы сұрапыл соғыспен қатар келген ақсақал өмірдің қызығы мен тауқыметін қатар көрдім деп еске алады.
СОЛТАНБАЙ ЖАРЫҚБАСҰЛЫ
СОҒЫС АРДАГЕРІ
- Мені шығарып салатын адам болған жоқ. Содан барып вагонда жаттым. Сонда ойыма түскені осы соғыстан аман-есен келсем бала-шағам көп болса деп Алладан сұрадым. Сол тілегім 80 жылдан кейін қабыл болды
1943 жылы кеңес әскерінің қатарына алынған 18 жасар Солтанбай Жарықбасұлы Байкал майданында жапондарға қарсы соғысады. Оқ пен оттың ортасында жүріп батальон командирі болады. 1950 жылы отанға оралады. Түрген педагогикалық училищесінде, тарих факультетінде білім алып, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнайды. Кейін мектеп директоры болады.
Зейнетке шыққаннан кейін де ақсақал жастарға көрген-білгенін үйретуден жалыққан емес. Ғасыр жасаған соғыс ардагері әлі де тың. Газет-журналдың бір санын қалдырмай оқып, кітап жазады. Қазір қарияның 4 авторлық еңбегі бар. Көзілдіріксіз көлік айдап, кітап жазатын ақсақал үнемі денесін ширатып, спортпен шұғылданады.
СОЛТАНБАЙ ЖАРЫҚБАСҰЛЫ
СОҒЫС АРДАГЕРІ
- Менің бір жақсы көретін нәрсем спорт. Мен легкая атлетика, жүгіру, штанга көтеруден, суға жүзуге қатысып жүріп, өмірі темекі тартпаған адаммын
Солтанбай Жарықбасов «Салауатты өмір салты ұзақ өмір кепілі»,- дейді. Ақсақал өмірдің бейнетін татып, зейнетін көрді. Ендігі арманы елдің таныштығы. Өзі көрген сұрапыл соғыс пен нәубетті ұрпағым көрмесе деп тілейді.