Қонаевта «Есірткіге жол жоқ» науқаны басталды

Қонаев қаласында «Есірткіге жол жоқ!» атты ауқымды алдын алу науқаны жалғасуда. Науқан аясында қоғамға қауіпті, есірткі заттарын насихаттайтын заңсыз жарнамалар анықталып, жойылада. Сонымен қатар тұрғындарға есірткінің адам өмірі мен болашағына тигізер зияны жан-жақты түсіндіріледі. Игі іске белсенді жастар мен еріктілер атсалысады.

Науқанның мақсаты – жастар мен қала тұрғындары арасында есірткіге қарсы берік көзқарас қалыптастыру, қоғамда қауіпсіз әрі салауатты орта құруға үлес қосу. Өткен жылы облыс көлемінде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі  жүргізілді. Белсенді жастар  нысан қабырғалары мен «Telegram» чаттарындағы мыңдаған заңсыз есірткі жарнамалары өшіріп, түсіндірме парақшаларын таратты. 


ӘДІЛЕТ АЙТҚАЗЫ
«ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ
«Есірткіге жол жоқ акциясын біз былтырғы жылдың өзінде мыңға жуық графиттиді облыс бойынша өшірген болатынбыз. Оның барлығы бізде тұрақты түрде осы еріктілердің арқасында бірге ұйымдастырудамыз. Алдыңғы уақытта та біздің бұл жоспарлы түрде еріктілердің айналысатын жобасының бірі болып табылады»

Құқық қорғау органдары тек есірткі қылмысына қарсы күреспен шектелмей, интернет кеңістігіндегі алаяқтық әрекеттердің жолын кесуге де ерекше назар аударып отыр. Соңғы уақытта жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде азаматтарды алдауға бағытталған күмәнді онлайн-платформалар анықталып, олардың 300-не тосқауыл қойылған. 

ӘЛІБЕК КЕРІМ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
- Жыл басынан бері Президенттің жарлығына сәйкес интернет-алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілді, яғни кең ауқымды алдын алу шаралары жүргізілуде. Біз волонтерлермен бірлесіп халықты интернет-алаяқтықтан сақтандыруға арналған профилактикалық іс-шара өткізіп жатырмыз. Іс-шара барысында алаяқтардың айласына түспеудің жолдары мен интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері туралы түсіндіреміз. Бүгінгі шара толығымен халыққа арналған

 Жүйелі жұмыстың нәтижесінде облыста киберқылмыс саны едәуір төмендеді. Өткен жылы 75 дерек тіркелсе, жыл басынан бері қылмыстық әрекеттің  азайғаны байқалады. 

Сондай-ақ оқыңыз: