Жамбыл ауданында су желісі іске қосылды
Жамбыл ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы жоспарға сай атқарылып келеді. Өткен жылы жалпы құны 5,3 миллиард теңгенің су тарту жобасы аяқталды. Сондай-ақ, кәріз жүйесін толық жаңарту жұмысы басталды.
Нәдима Тұрсын Ұзынағаш ауылындағы жаңадан салынған ықшамауданда тұрады. Көшелерінде көп жылдан бері орталықтандырылған ауыз су желісі болған жоқ. Сондықтан суды сырттан тасуға мәжбүр еді. Ал былтыр үйлеріне су келіп, тұрмыс шаруасы жеңілдеді.
Аудандағы үш мың отбасы 3-4 жыл бойы суды тасып ішетін. Көбі құдық қазып, жер-асты суын пайдаланды. Былтыр 100 шақырымға жуық су құбыры тартылды. Нәтижесінде халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
ҚАЙСАР ӘБСЕЙІТОВ
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Ұзынағаш ауылы өзінің ең ескі ауылы массивін 2016 жылы реконструкция жасалған болатын. Ол жылдары 125 шақырым су құбыры тартылды және және бір дәу он жеті гектар жерге су жинау алыбының құрылысын аяқтағанбыз. 2016 жылдан бастап халық санының өсуіне және, көшіп-қону, жаңа алқаптардың пайда болуына байланысты осы қосымша тағы да қосымша жүз шақырым су құбырын тартты. Бұл да енді қосымша Ұзынағаш ауылының қырық пайыз новостройкасына су тартылды
Ауылда кәріз жүйесін жаңғырту басы назарда.1970 жылы салынған құбыр 25 мың тұрғынға арналған. Бүгінде халық саны бірнеше есе артып, инженерлік жүйе әбден тозды. Ал, жобағ 14 миллиард теңге бөлінді. Қазір 29 шақырым кәріз құбыры тартылуы жұмысы басталды. Оның 9 шақырымы қазылып, дайын тұр. Сондай-ақ ауылда электр желісі жаңарып, бұрын жиі сөніп тұратын жарық мәселесі шешімін тапты.
ҚАЙСАР ӘБСЕЙІТОВ
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Электр желілерге де 2024 жылы қаржы бөлінген. Республикалық және облытық бюджеттен берілді. 1,3 млрд 44 электржелісін тарттық және 33 трансформаторлық қондырғы орнаттық. Бүгінгі күнде толықтай орнаттық. Бұрынғы күндері самострой деп аталатын. Өз күштерімен ағаш бағандарын қойып тоқ тартқан. Ол тоқтың күші әлсіз болатын. Бүгінгі күнде қалыпты өмір сүру үшін жағдай жасалынып, толықтай бетон столбтармен жаңа трансформаторлық қондырғы орнатылып, электр желілер тартылып берілді.
Су мәселесі Үмбетәлі, Жамбыл, Қарасай, Сұңқар және Бұлақ ауылында да бар. Халық саны артып, жаңа ықшамаудандар пайда болды. Инфрақұрылымды жаңарту қажет. Осы елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы жасалды.Оған бюджеттен қосымқа қаржы қажет.