Алматы облысы, Қарасай ауданында есірткі қылмысын жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды

Алматы облысы, Қарасай ауданында есірткі қылмысын жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция қызметінің бірлескен жедел-іздестіру шарасында күдікті Тұрар ауылында қолға түсті. (ВИДЕО) Жеке тінту кезінде одан шамамен 10 грамм кептірілген өсімдік тектес зат тәркіленді. Сонымен қатар, үйінің жанында  орналасқан нысаннан арнайы  жабдықталған бөлме анықталды. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат  - жалпы салмағы 3 келі болатын марихуана деп танылды. Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз: