Қазақстан Халықтар Партиясы форумы өтті

Алматы облысында  Қазақстан Халық партиясы жақтастарының форумы өтті. Іс-шарада  әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктерді ілгерілету  бастамалары айтылды. Форумда партияның филиал басшылары мен белсенділері пікір алмасты. 

Форум Қазақстан Халық партиясының ашық диалог пен инклюзивті саясатты қолдайтын қоғамдық алаң ретіндегі рөлін көрсетті. Қатысушыларға партияның атқарған жұмыстары, жүргізіліп жатқан реформалар және алдағы конституциялық өзгерістер туралы ақпарат берілді.

ЕРМҰХАМЕТ ЕРТІСБАЕВ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«біздің басты күшіміз аймақтарда халықтың арасында, бүгінде партиямыздан 25 ші жылы 991 депутаттық сауал жолданды және 1292 азаматтың өтінішін қарады. Оның 692 сін оң шешуге көмектестік. Сондай ақ біздің "халық үні" жобамыз жақсы нәтиже беруде, бұл халықтың проблемаларын анықтап оларды шешуге арналған партияның жобасы.

Жиында инклюзия мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар инклюзивті саясат қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың жастардың, әйелдердің, көпбалалы отбасылардың, ауыл тұрғындарының және еңбек адамдарының тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

ЭЛЬМИРА ӘУЕЗОВА
ПАРТИЯ МҮШЕСІ
«Халықпен медицина қызметкерліре арасында, бір бірінің түсініспеушілігі артып денсаулық сақтау саласындағы сенімі арту үшін, сонымен қатар білім саласына былайша айтқанда мамандандыру. Жас буындармен, нақты өздерінің таңдайтын мамандары тек қана диплом алып сандықта қалып кетпей, әрі қарай еліміздің өркендеуіне, көркеюіне жәнеде үлес қосуына байланысты осындай іс шаралар жүргізіп жатыр.

Партиялықтар айтуынша, өңірлерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Бұл бастамалар еліміздің әр саласында өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға ықпал етеді. Форум соңында Алматы облысының дамуына үлес қосқан бірқатар мамандар марапатталып, партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Салтанатты жағдайда партиялық билеттер табысталды.

АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА
ПАРТИЯ МҮШЕСІ
«Халықтың, зейнеткерлердің, мүгедектердің қарапайым халықтың мүддесін қорғау партиясы болғандықтан менде өзімнің үлесімді қосқым келеді. Сол себепті мен осы партияны таңдадым»

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Күш әрқайсымызда» форумы партияның өңірлік деңгейдегі жұмысын күшейтіп, әлеуметтік бағыттағы бастамаларға серпін бермек.

Сондай-ақ оқыңыз: