Алматы облысында инновациялық зерттеу семинары өтті

Жапониядан жаңа зерттеу әдістерін меңгеріп келген  облыстың мектеп басшылары әріптестерімен тәжірибе алмасты. Қарасай ауданында өткен семинарға жүзге жуық  мұғалім жиналды. Бірегей әдіспен қазіргі уақытта 3 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оқу бағдарламасына жасанды интеллектіні пайдалану мәдениеті cынды инновациялық тақырыптар енгізілген.

Семинар «Инновациялық мектеп моделі: сабақты зерттеу арқылы оқыту сапасы мен мектеп мәдениетін арттыру» идеясы аясында өрбіді. Басқосуда  ғылымға негізделген тақырыпты зерделеп жүрген оқушылар жобаларын таныстырды. Сондай - ақ инклюзивті білім алып жүрген ерекше балалар да жұмысын көрсетті. Іс-шарада педагогикалық менеджмент, инновациялық тәсілдер және мектептегі көшбасшылық тақырыбы кеңінен талданды. «Ұжыммен жүзеге асырылған зерттеу жұмысы -кәсіби дамудың тиімді тетігі»- дейді мамандар. 

БЕРІК АСУБАЕВ 
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Бұл жерде енді жапон мектептерінде сабақты зерттеу әдісі көп жағдайда біздің мына ашық сабақпен салыстырады да. Бұл жерде бұл ашық сабақтан кеңірек. Себебі олар сабаққа деінгі кезеңнен бастайды. Негізі мына жұмыс сабаққа дайындық. Сабақтың жақсы өтуі сабақтың жақсы дайындығына байланысты. Осы сабақтың өтуіне ғана емес, сабақтың дайындығына көп көңіл бөледі. Сабақта тек қана білім ғана емес, білімнен бөлек әртүрлі дағдыларды қалыптастыратын әдістер»

ӘСЕЛ ЕРКІМБАЕВА
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Өздеріңіз білесіздер бүгінгі таңда мектептерде әрине түрлі заманауи жабдықтармен жабдықталғанмен ол бізге құрал болып қана қалады. Бізге негізгі нәтижеге жету үшін мазмұн болу керек. Ол әлбетте сабақтың мазмұны. Сондықтан бұл жерде лессон стади бойынша зерттеулер, тағы да басқа зерттеулерді бүгінгі ұстаздарымыз өздерінің тәжірибесінен өткізген, нақты нәтижесі бар жұмыстарды көрсетіп жатыр»


Жасанды интеллект маманның орнын баса алмайды. Ол көмекші құрал. Осындай мазмұнмен тәжірибе алаңында жасанды интеллектіні пайдалану жайлы кейстер талданды.

ГҮЛЖИХАН ИМАНХАТОВА 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСШЫСЫ
«Жасанды интелектіні осы тәжірибеде енгізуде, оның үстіне оны, жасанды интелектіні сабаққа кіріктіруде біз бүгінгі күні, кеше ғана мен үлкен есеп жасадым. Жиырма үш іс-тәжірибе таратып, сол бағытта әдістемелік іс-шаралар өткіздік. Соның ішінде ерекше атап өтер болсақ, халықаралық деңгейде бір үлкен іс-шара өткізіп, ол жерде бізде Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Түркиядан және өзіміздің Қазақстандық педагогтер тәжірибесін бөліскен болатын» 

Қатысушылар білім берудегі инновациялық әдістерді мектеп тәжірибесіне енгізудің маңызын атап өтті. Аталған семинар оқыту сапасын арттырып, ұжым ішіндегі мәдениетті қалыптастыруға және инновациялық әдістерді сапалы қолдануға бағытталған маңызды қадам болды

Сондай-ақ оқыңыз: