Іле ауданы, Боралдай кентіндегі №17 мектепте республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Іле ауданы, Боралдай кентіндегі №17 мектепте республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Адал азамат- Біртұтас тәрбие» тақырыбындағы жиында, білімгерлердің тұлғасын дамытудың заманауи тренді талқыланды. Тақырыпты Дастан Маратұлы жалғастырады.

Конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе ұйымдастырылды. Шара барысында тәрбие жұмысының заманауи модельдері, білім беру ұйымдарындағы табысты жобалары мен педагогтің кәсіби рөлі кеңінен талқыланды. Іс-шараға мектеп директорлары, педагог-зерттеушілер, әдіскерлер, қоғамдық ұйым өкілдері тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.


МАДИНА БӨРІБАЕВА
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Бүгінгі конференциямыздың мақсаты, отанының тағдырына бейжай қарамайтын, күнделікті өзінің еңбегімен, адал еңбегімен, адал табысымен өз еліне пайдасын тигізетін адал азаматты тәрбиелеу.

Шара барысында бағдарлама мазмұны, негізгі бағыттар, табысты жобалар, педагогтердің кәсіби рөлі мен жауапкершілігі мәселелері қарастырылды. Конференция жас ұрпақтың бойында адалдық, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған кәсіби алаңға айналды.

ГҮЛМИРА САУДАБАЕВА
ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ
« Оқушыларды осы қазір қалыптастырып тұлға ретінде, жаңағы дамыту үшін міндетті түрде ата аналар керек. Ата аналар өздерінің үлестерін қосу керек. Ата аналар әр сөзін, әр іс қимылын сараптау керек. Соларға қарап балалар өседі

 Іс-шарада педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа әдістемелерді талқылады. Сабақ барысында өмірлік жағдайларға негізделген тапсырмалар мен қоғамдық жұмыстарға қатыстыру арқылы оқушылардың елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға болатыны айтылды. Сонымен қатар, бұл тәсілдер «Адал азамат» бағдарламасын білім беру ұйымдарында тиімді іске асырудың нақты жолы ретінде ұсынылды.

РАУШАН УМИЕВА
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ
«ЖИ туралы иә біріншіден ол қазір тренд болып жатыр білім саласында,  сол бойынша балаларға құндылықты қалай дәріптеу керек, ата аналармен жұмыс практикалық жүзінде де айтсам болады, көптеген нәрсе үйрене алдық. Өзімізге аларымыз, түртіп аларымыз өте көп болды.

Конференция мектеп үшін ғана емес, жалпы білім беру жүйесі үшін де маңызды диалог алаңы болды. Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Жиында ұсынылған тың идеялар мен тиімді тәжірибелер алдағы уақытта мектептер мен білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіруге серпін беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыз: