Өндірістегі қауіпсіздік күшейтіледі
Елімізде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жаңа талаптар енгізілді. Бұл туралы сала өкілдері брифинг барысында хабарлады.
Жаңа ережелерге сәйкес, енді қауіпті өндірістік нысандары бар барлық кәсіпорындарда арнайы бақылау қызметін құру міндетті болады. ВИДЕО: Бұрын өндірістік бақылау еңбекті қорғау қызметімен бірге жүргізілсе, енді олар толық бөлінеді. Мамандар қауіпті өндірістік нысандарға мұнай-газ объектілері, жанармай құю бекеттері, химиялық зауыттар жататынын айтады. Бұл нысандарда адам өмірі мен қоршаған ортаға төнетін қауіп жоғары.Сондықтан мемлекеттік бақылау да айтарлықтай күшейтілді. Егер тексерісбарысында адам өміріне нақты қауіптің бары анықталса, инспекторлар кәсіпорынның немесе жекелеген техниканың жұмысын уақытша тоқтата алады. Брифинг барысында газ жүйесінде қызмет көрсетуге қатысты жаңа талаптар да айтылды.
РИНАТ РАХЫМБӨЛЕКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Газ саласындағы техникалық қызметтерді, кез келген мекеме жаңағы жасай алмайды. Себебі бағанағы заңда екі подпункт қарастырылып отыр, ол жаңағы табиғи газға және сұйытылған газ бойынша техникалық қызмет көрсету, тек аттестатталған, мамандандырылған жаңағы, өз біліктіліктерін жаңағы дәлелдеген мекемелер ғана жүргізе алады. Бұл негізі енді апаттардың алдын алу плюс қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі шара»