Алматы облысы әкімдігінде алқа мәжілісі өтті

Өткен жылы  Алматы облысында өндіріс көлемі 2 триллион 600 миллиард теңгеге жетіп, өңір тұрақты экономикалық өсім көрсетті. Бұл туралы Қонаев қаласында өткен облыстық алқа мәжілісінде айтылды.  Жиында облыстың  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлар талқыланды. 

Экономиканың негізгі қозғаушы күші өңдеу өнеркәсібі. Салаға тартылған инвестиция көлемі бір жарым есеге өскен. Өткен жылы облыста 37 жаңа өндіріс орны іске қосылып, 2 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім,  800 млрд теңгеге жуықтады. 

ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ  ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Өңір үшін өзекті мәселелердің бірі энергия тапшылығы. Осы бағытта биыл инвестиция тарту арқылы 15 электр тарату станциясын салу жоспарланып отыр.

НҰРЛАН ӨМІРХАНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Алқа мәжілісінде  аймақ басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына да тоқталды. Облыс әкімі аудиториямен байланысты күшейтіп, әр жаңалықтың мазмұны мен сапасына мән беру қажет екенін айтты.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

 2026 жылы өңірде өнеркәсіп өндірісін дамыту және инвестиция тарту басты назарда болады. Сонымен бірге кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым мен туризмді дамыту басты назарда болады. 

Сондай-ақ оқыңыз: