Қонаевта 200 сарбаз әскери ант берді

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының қатары 200 жас сарбазбен толықты.

Қонаев қаласына қарасты Заречный елді мекеніндегі 36 да 60 әскери бөлімнің жас сарбаздары салтанатты түрде әскери ант берді. Рәсім Қонаев қаласының орталық алаңында өтті. Әскери қызметке Қызылорда және Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан шақырылған азаматтар тартылды. Бөлім командирлері жас сарбаздарды Отан алдындағы жауапты міндетімен құттықтап, әскери анттың маңызына ерекше тоқталды.Алдағы уақытта сарбаздар арнайы даярлықтан өтіп, қызметтің қыр-сырын меңгереді. Сонымен қатар олар Қонаев қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылады.

АЗАМАТ БЕЙСЕНҒАЛИЕВ
ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
«Өз еркіммен келдім Алматы облысынан. Қазір 40 күн болды, өте керемет. Дисциплинаға үйретеді, әскерлік қызмет не екенін көресіңдер. Сол себепті әрбір еркекке осы әскерге келіп, өз борышын өтеу керек»

БАНУ БЕКСЕНОВА
АТА-АНА
«Баламның Отан алдындағы әскери ант қабылдауына келіп отырмыз. Сол мерекеміз барлвқ ата аналарға құтты болсын демекшімін. Балама тілейтінім, бүгін қабылдаған әскери антына берік болып, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге жәнеде халыққа, еліне сенімді азамат болуына, енді осы сағаншыпен күтіп жүрген ата аналарына, бауырларына аман есен оралуын тілеймін»

Сондай-ақ оқыңыз: