Ұлттық құндылық пен жаңа әдіс
Қазіргі білім беру жүйесі уақыт талабына сай жаңарып келеді. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану - бүгінгі ұстаз алдындағы басты міндеттердің бірі.
Ал оны ұлттық құндылықтармен ұштастыру-болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды бағыт. Осы орайда Қонаев қаласында бастауыш білім беру саласына арналған облыстық семинар өтті. Басқосуда мұғалімдер заманауи оқыту тәсілдерін меңгеріп, ұлттық тәрбиені сабақ мазмұнына енгізудің тиімді жолдарын талқылады. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Іс-шарада жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру жолдары кеңінен қарастырылды. Семинарға әдіскерлер мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Қонақтар үшін «Құндылықтар алаңы» атты көрме ұйымдастырылып, ұлттық тәрбие мен заманауи білімнің сабақтастығы көрсетілді.
ГҮЛМИРА АМАНГЕЛДІ
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
«Бүгінгі семинардың басты мақсаты-білім алушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудағы жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен қолдана отырып үздік педогогикалық тәжірибені ұсыну. Жасанды интеллект арқылы жасалған әрбір тапсырманы оқушының ұлттық дүниетанымын кеңейтеді. Нәтижесінде біз тек технологияны меңгерген маман емес, өз тамырын білетін, рухани бай тұлға қалыптастырамыз»
Семинарда ашық сабақтар, тәжірибелік алаңдар, тренингтер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Қатысушылар жасанды интеллектті сабақ жоспарлауда және оқыту процесінде тиімді қолданудың жолдарымен танысты.
НӘЗИРА АҢЛАМАСОВА
МҰҒАЛІМ
«Келгеніме өте қуаныштымын, себебі, қазіргі жасанды интеллект барлық салаларға еніп жатыр. Соның ішінде білім саласына да енгендіктен біз оны күнделікті өмірде қолдануымыз керекпіз. Соны өз тәжірибемізде алу үшін және балаларға білім беру үшін осы семинарға келіп отырмын. СКЛ керемет әсер алып жатырмыз, кіргеннен бастап көрме де бәрі жақсы ұйымдастырылған. Енді осы алған тәжірибемді өз мектебіме апарып қолданамын деп өзіме уәде беріп отырмын»
Ашық сабақта оқушылар да белсенді болды. Ұлттық мазмұн заманауи әдістермен үйлестіріліп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
ӘЙГЕРІМ ӨМІРЗАҚ
ОҚУШЫ
Ашық сабақ әдебиеттен өтті, маған өте ұнады. Сұрақтары да қызықты болды. Әдебиеттен құмға салу құпия туралы түсіндім. Және сергіту жаттығулары да өте керемет болды. Бүгінгі ашық сабағым өзіме қатты ұнады»
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар бастауыш білім беру сапасын арттырып, ұлттық құндылықтарды заманауи біліммен ұштастырады.