Су шаруашылығы жаңғыртылады
Алматы облысына жұмыс сапарымен үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев келді. Вице-премьер аймақтағы су шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Биыл өңірде 600 шақырымға жуық ирригациялық желілерді жаңғырту жоспарланып отыр. Төрт ауданды қамтитын ауқымды жобаны іске асыруға қаржы мен адам күші жеткілікті ме? Су ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты өткен кеңесте тағы қандай мәселелер талқыланды.
СЕЙПІЛБЕК НҰРЫМБЕТОВ
СУ РЕСУРСТАРЫН РЕТТЕУ, ҚОРҒАУ ЖӘНЕ БАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
- Облыс бойынша Бартоғай, Бестөбе, Қапшағай және Күрті сынды 4 ірі су қоймасы бар. Деседе жазда осы бағалы ресурстың 80 пайызы жерге сіңіп, зая кетеді. Шығын шаш етектен. Ал бұл мәселені шешуде арықтар қоқыстан ашылып, су сіңбейтін тоғандар көптеп салынуы тиіс.
Биыл Алматы облысында суару желілерін жаңғыртуға баса мән берілмек. Аясында жыл соңына дейін Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, және Балқаш сынды 4 ауданда жалпы ұзындығы 552 шақырым канал рекостуркциялық жөндеуден өтпек. Оған ислам даму банкі есебінен 86.6 милиярд теңге қаржы қарастырылып отыр.
БАҚЫТНҰР БАҚЫТҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Сала бойынша облыста соңғы үш жылдан бері қолға алынып жатқан ауқымды жобалардың кейбірі соңына жетпеді. Себеп жауапсыз мердігерлер іс басына келді. Бөлінуге тиіс қаржы кешеуілдеді. Қанат Бозымбаев енді облыс жауаптылары мұндай олқылықтарға жол бермеуі керек деді.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Алқалы басқосуда суару желілерін әртараптандырудан бөлек, су тартуда қатаң шектеу қою керектігі айтылды. Саладағы заңсыздықты бодырмаудың жалғыз жолы су үлестіруші мекемелер толықтай цифрландыруға көшуі қажет дейді мамандар.