Іле ауданы, Асқар Тоқпанов ауылында «Заң және тәртіп» айлығы аясында оқушыларға құқықтық сағат өтті
Іле ауданы, Асқар Тоқпанов ауылында «Заң және тәртіп» айлығы аясында оқушыларға құқықтық сағат өтті.
Оқушылар «закладка не из книги» атты фильмді тамашалады. Фильмде жастарды есірткіге тарту мәселесі ашық көрсетіліп, ойланбаған шешімдердің адам өміріне, құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қандай ауыр салдарға әкелетіні баяндалады. Тәрбиелік мәні зор туындыны көрген оқушылар алған әсерлерін бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Диалогқа прокуратура өкілдері қатысып, құқықтық мәселелер бойынша түсінік берді. Осындай игі шара жас ұрпақты өз әрекеттеріне саналы қарап, салдарын түсінуге тәрбиелейді.
АЙҒАНЫМ БЕРІКҚЫЗЫ
САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Заңбұзушылық бойынша психотроптық препараттар буллинг, кибербуллинг көбейіп кетуіне байланысты осындай орта мектептерде осы іс шараны қолға алып отырмыз. Балаларға танымдық ақпарат ретінде жеткізуге. Бұған дейін де жүргізілген негізі, бұдан кейін де жүргізіліп қолға алынатын болады
АЯУЛЫМ АСҚАР
ОҚУШЫ
«Жалпы біз бүгінгі сабақтан түйінді алдық, тереңірек ұғып болашағымызды нығайту үшін сабақтың бір түрін алдық деген ойдамын.