Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сапалы білім беру мен ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берді
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сапалы білім беру мен ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берді. Әйел құқығын қорғау, отбасы саулығын нығайту, лудоманияның алдын алу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуі керектігі айтылды. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде батыл қадамдар жасалып жатыр. Ұлттық сананы жаңғырту – мемлекет жүргізіп отырған басты саясаттың бірі. Президент айтқан міндеттерге орай ұстаздар қауымы да өз ойларын білдіріп жатыр.
БЕРІК БАЙЕДІЛОВ
КӘСІБИ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
- Қазір өздеріңіз бідесіздер ақпараттық технологиялардың дамыған заманы. Сондықтан да цифрандыру дейді. Одан кейін жасанды интелект,осы қазір дамып келе жатыр ғой.Соны дамыған сайын дамыта түсу керектігі баса айтылған болатын. Міне осындай үлкен үлкен келелі мәселлер қабылданды. Вице-президент сайлау ұсынылды. Соның барлығы елдің, халықтың игілігі үшін, жастарымыздың болашағы үшін жасалып жатқан батыл қадамдар деп білемін