Құқықтық қоғам құру жолында

Соңғы жылдары отбасында зорлық-зомбылық көргендер саны көбейді. Қоғам дерті Алматы облысында да айылын жимай тұр. Ауқымды мәселенің алдын алу мақсатында Талғар ауданында облыстық семинар-тренинг өтті. Жиында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар жайлы тілшіміз баяндайды. 

Зорлық зомбылық - әлсіздерді қорлау. Бұл бір отбасының ғана емес, бүтін бір қоғамның мәселесі. Соңғы жылдары Қазақстанда отбасылық кикілжіңдер салдарынан балалар мен әйелдерге қатысты жасалатын заңсыз әрекеттердің саны артқан. Бұған дәлел әлеуметтік желідегі жаға ұстатарлық көріністертің көптеп тарауы. Мемлекет басшысы ұлттық құрылтайда бұл мәселені назардан тыс қалдырмаған еді.  

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

-Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс.

Статистикаға сүйенсек, бұл мәселе Алматы облысында да өзекті. Қоғамдағы қауіпті дерттің  алдын алу мақсатында Талғар ауданында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында арнайы семинар өтті. 

ГҮЛНАР ЖОШЫБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Алматы облысы осы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша соңғы кездері алдыңғы қатарлардан бой көрсетуде. Бұл әрине өте өкінішті. Осы орайда полиция қызметкерлерімен қатар басқа да құқық қорғау органдарының мүшелерімен бірге біз аналар кеңесі біз өз жұмысымызды жүргізудеміз. 

Былтыр облыстық аналар кеңесі осы мәселені шешу мақсатында бірнеше қоғамдық ұйыммен бірлескен мемарандумға қол қойған болатын. Кезекті семинар да әне сол келісім аясында атқарылған шараладың бірі саналады. Оған қоса өңір тұрғындары қиналған жағдайда аталған қауымдастық көмегіне тегін жүгіне алады. 

ЛӘЗЗАТ РАҚЫШОВА
HUMAN RIGHTS LAWYERS ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бізде қоғамдық ұйым. 2016 жылы ашылған. Біз белсенді ретінде Қазақстан бойынша тегін көмек көрсетеміз заңгерлік, психологиялық. Орта есеппен алғанда жылына 2500 адам өтініш тастаса соның 50 пайызы Алматы облысы деп атап кете аламын. Себебі бұрын болған психологиялық зорлық-зомбылық салдарынан көмек сұрап жатқан 40-50 дегі әйелдер хабарласып жатады. Сотта құқықтарын қорғаймыз, тергеу амалдарына қатысамыз. 

Қазір облыс орталығында 50 кісіге арналған дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Отбасындағы зорлық зомбылықтан қорлық көрген әйелдер уақытша мекенде 6 ай тұрақтай алады. Оларға осы уақыт аралығында әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан көмек көрсетіледі. 

Сондай-ақ оқыңыз: