Алматы облысында өткен жылы 12 адам тағамнан уланды
Алматы облысында өткен жылы 12 адам тағамнан уланды. Мамандар бұл екі түрлі диагноз екенін ескертеді. Тағамнан улану жиі кездессе, ботулизм – сирек, бірақ аса қауіпті жұқпалы ауру.
2025 жылы ботулизмнің бір ғана жағдайы Іле ауданында тіркеліп, өкінішке қарай, өліммен аяқталған. Алдын ала анықталған себеп – үй жағдайында анықталмаған мал етін тұтыну. Ал улану жағдайлары негізінен тез әзірленетін тағамдарды немесе консервілерді тұтынудан туындаған. «Адамдар үнемі санитарлық талаптар мен жеке тазалықтың қарапайым ережесін сақтау қажет» дейді мамандар
МҮСЛІМ САҒАДИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
- Өткен жылы суши-барлар мен пиццерияларда сатылатын тағамдардан жаппай улану жағдайлары болған. Сондықтан тағамды тек тексерілген, рұқсат етілген орындардан сатып алып, өнімнің таңбалауына жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарына міндетті түрде назар аудару қажет. Балабақшалар мен білім беру ұйымдарындағы тамақтану да санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тұрақты бақылауында.