Алматы облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қонаевта Алматы облыстық қоғамдық  кеңестің отырысы өтті. Жиында, бірқатар басқармаларда атқарылған жұмыс нәтижелері тыңдалды.  Кеңес мүшелері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бастамаларға тоқталып, мәдениет пен білім саласындағы бағдарламаларды саралады.

Жиында әлеуметтік салаға жауапты басқармалардың алдағы жылға жоспарланған жұмыстары қаралып, өңірдің даму бағыттары мен өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес отырысында мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру, билік пен қоғам арасындағы өзара байланысты күшейту мәселелеріне басымдық берілді.

МӘДИ АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
«Жылдың басы осындай үлкен қарқынмен басталып тұр, осы қарқынды түсірмей, мемлекеттік органдар тарапынан да, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар тарапынан да тағы да атқарылатын жұмыстар көп деп ойлаймыз. Бұл тек қана бастамасы. Осы бағытта ашықтық принциптеріне негізделе отырып, осы жұмыстарды ары қарай жалғастырып жүргізетін боламыз»

Жиында 2026 жылға арналған мәдени іс-шаралардың жоспары бекітілді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының хабарлауынша, биыл 77 ауқымды шара өткізіледі. Олардың ішінде ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы және Мұқағали Мақатаевтың мерейтойы бар. 

ӘНУАР ҮМБЕТӘЛИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ  МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Жалпы театрлар бойынша мысалы бізде халықтық атағы бар театрлар бар, олардың жұмыстары жалғасын табуда, байқауларға қатысып жатыр. ал, облыс драма театр бойынша жаңа айтылды, осы біздегі мамыр, маусым айларында жалпы сараптамадан шығады, құрылыс басқармасының ақпараты бойынша. және ар жағында театрдың бой көтеру жұмыстары жалғасын табады»

Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері баяндамаларға қатысты пікір білдіріп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Қаралған мәселелер бойынша қаулы  әзірленіп, ұсынымдар облыс әкіміне жолданады. 

Сондай-ақ оқыңыз: