Қонаевта AITU KazRoboDrone байқауының өңірлік кезеңі өтті
Қазақстанда дронрейсинг пен авиамодельдеуге қызығатын жастар үшін маңызды алаңға айналған AITU KazRoboDrone сайысы биыл үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Астана IT Университеті ұйымдастырған халықаралық конкурс ел көлемінде өткізіліп, мыңдаған қатысушыны біріктіруде. Тақырыпты кеңірек тілші Жоба осы уақытқа дейін облыстың барлық қалаларында ұйымдастырылып, оған шамамен 2000-ға жуық адам қатысты. Ал биыл Қонаев қаласында алғаш рет өтті. Бүгінгі жарыста Талғар және Қарасай аудандарынан, сондай-ақ Қонаев қаласынан келген 50-ге жуық қатысушы бақ сынады. Бұл жолы дронрейсинг жарыстары компьютерлік симулятор арқылы өтті.
ЖАДЫРА ҚУАНЫШБЕК, ТІЛШІ
Бұл жерде дрондар компьютер арқылы басқарылып жатыр. Қатысушылар экранға қарап, виртуалды трассада жарысуда. Қарап отырсаң, бәрі ойын сияқты көрінеді, бірақ бұл дронды нақты басқаруға үйрететін маңызды тәжірибе. Ұйымдастырушылардың айтуынша, симулятор форматындағы жарыс қатысушылардың жылдам ойлауын, дәлдігін және техникалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл формат қауіпсіз әрі қолжетімді саналады.
ЗАРИНА ҚҰТПАНОВА
ASTANA IT УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЛЕКТОРЫ
- Біздің болашақ жастарымызды, студенттерімізді осы техникалық салаға баулу, өйткені дрон дегеніміз тек қана басқару, тек қана фото,видео емес, оның ішінде бақылау, барлау, әртүрлі нарықтың барлық саласында қолдану. Тіпті түрлі өрт сөндіру кезінде, адам іздеу бары ында осының барлығын жасауға болады. Сондыштан да бірінші осы сайыстың арқасында олардың кішкене қызығушылықтарын оятып осы салаға баулу, одан кейін ішкі құрылыстарын шашып жинау н/е бағдарламасын жазу, осы түрлі жоғары деңгейде фото видео түсіру деген сияқты әртүрлі сайыстарды ұйымдастыру арқылы болашашта өзіміздің, туған еліміздің, жеріміздің өнімдерін шығару негізгі мақсаты осы
Сайысқа қатысушылардың арасында осы салаға енді ғана қадам басқан жастар да бар. Олар үшін мұндай жарыстар тәжірибе жинап, өз болашағын айқындауға мүмкіндік береді.
ЕРКЕЖАН СЕРІКХАН
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
- Осы дрон саласына араласқаныма жарты жыл боп қалды, өзімді жетілдірумен айналысып жүрмін осы салада. Бүгінгі жарыс өте қызықты болып жатыр және де өзіме деген білімді, барлық дамытуды өзіме сіңіріп алға қарай тартып жатырмын. СКЛ болашақта осы архитектура мен IT мамандығынла дрондарды қолданып, осы еліме, туған жеріме пайдамды тигізгім келеді. Ақша ғана емес, елімнің дамуына үлкен үлес қосқым келеді.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта жарысты Талдықорған, Шымкент және Ақтөбе қалаларында өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар болашақта сайысқа Әзірбайжан, Қытай, Жапония және Түркия елдерінен қатысушылар келіп, өзара бақ сынамақ. Мамандардың айтуынша, мұндай жарыстар Қазақстанда дрон технологияларын дамытуға серпін береді.