Қонаевта Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы шығарылды

Еңбекке тағзым, кәсіпке құрмет. Қонаевта «Жұмысшы мамандығы – табысты елдің тірегі» атты облыстық жыл қортындысы болды. Салтанатты шара 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау аясында ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының бұл бастамасы қоғамдағы еңбекке деген көзқарасты жаңғыртып, қарапайым жұмысшының мәртебесін арттыруға бағытталғаны анық. 

Бүгінде Алматы облысында техникалық және кәсіптік бағытта маман даярлайтын 41 колледж жұмыс істеп тұр. Бұл білім ордаларында әр саладағы нақты сұранысқа сай кадрлар дайындайды. Өңір экономикасының дамуына сәйкес, кәсіпорындардың сұранысы негізінде бүгінде 950 студент кәсіби білім алып жатыр.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және өңірлік нарықтың жұмысшы мамандықтарына деген сұранысының артуына байланысты колледждерде «Гидротехникалық мелиорация», «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар», «Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Жиһаз өндірісі» мамандықтары жаңадан ашылды. Облыс дамуымен бұл көрсеткіш өсіп, кәсіби мамандарға деген қажеттіліктің артары сөзсіз. 

Іс-шара аясында облысымыздың өсіп өркендеуіне елеулі үлес қосқан 39 азамат марапатталды. Олардың қатарында Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің директоры Болат Алтаев та бар. Оның айтуынша, колледж жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін бар жағдайды жасап отыр. Мәселен, жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен 10-шы Республикалық «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатында облыстың 12 жас маманы жүлделі орынға ие болса, оның екеуі дәл осы колледждің студенттері.

БОЛАТ АЛТАЕВ
ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҰЗЫНАҒАШ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
- Біз биыл Алматы облысынан 33 студент бардық қатысушы. Жаңағы 27 біліктілік бойынша, соның ішінде 12 студентіміз жаңағы бірінші, екінші, үшінші орын, төртінші орын алдық. Ал енді біздің колледжден бір ғана аспаз мамандығы бойынша марапатқа ие болдық.

Сондай-ақ оқыңыз: