Қонаев қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Апат айтып келмейді. 28 қаңтар күні кешкі сағат 17:27 минут кеткенде төтенше жағдайлар қызметінің кезекші бөліміне Қонаевтағы көп қабатты үйлердің бірінде жарлыс орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Келеңсіз оқиға қаладағы бірінші шағын ауданның № 3 үйінің пәтерлерінің бірінде болған. Алдын ала жектен ақпарат бойынша, газ жарылған болуы мүмкін. Десе де өрт болған жоқ. Алайда апат салдарынан екі адам зардап шекті. Оларға дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілген.  Қазіргі таңда жедел жәрдем бригадалары мен төтеншеліктер сондай ақ құқық қорғаушылар оқиға орнында жүр. Мамандардың айтуынша жағдай толық бақылауға алынды. Алда болған оқиғаның мән-жайы  толықтай нақтыланады.

Сондай-ақ оқыңыз: