Райымбек ауданына - 90 жыл!

Биыл Райымбек ауданына – 90 жыл. Агроөнеркәсіп пен мал шаруашылығы дамыған аймақтағы ағайын мерейлі мерекені ерекше атап өтуде. Алатау бөктерінде спорт жарыстары, мәдени кештер мен тағылымды шаралар 10 күндігі басталды. 

Райымбек ауданы қазір ауыл шаруашылығы өндірісінде облыстағы ең дамыған өңірлер қатарында. Аталған салаға бюджеттен жылына 46 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бұдан бөлек соңғы жылдары туристік сала да дамуда.  Мәселен, өткен жылы ауданға 25 мың турист келген.

ДАСТАН ҚҰДАБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы аудан көлемінде 10 тағылымды шара өтеді. Оның ішінде бұхаралық спорт, ауыл шаруашылығы саласы бойынша, мәдениет саласы бойынша, туризм саласы бойынша түрлі шаралар қамтылған. Аудан экономикасын дамыту мақсатында туризм саласын қолға алып отырмыз. Туристік бағыттарға маршруттар анықталып, сол маршруттар бойынша жолдар салынатын болды биыл. 

Аудан мерей тойы қарсаңында шығармашылық кештер мен ауқымды іс-шаралар өткізілуде. 10 күнге созылатын бағдарлама шымылдығы шаңғы жарысымен түрілді. Алыс-жақын 11 ауылдан 100 ге жуық әуесқой қатысқан жарыста ерекше көзге түскендердің бірі Жанболат Сұлтанғазиев. 

ЖАНБОЛАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
САРЫЖАЗ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Мен шаңғы тебуден соңғы 15 жылда 1 орынды ешкімге берген жоқпын. Әлі де беру ойымда жоқ. Ауыл тұрғындарының 70 пайызы шаңғы тебеді. Мен шаңғымен бала кезден айналысамын. Осында 4 ай бойы шаңғы тебеміз. 7 жастан 70 жасқа дейін қыс бойы шаңғы тебеміз. 

«Спорт-ұлт денсаулығының кепілі» фестивалінің қортындысы бойынша 1 орынды Сарыжаз ауылы иеленсе, екінші орынға Қарасаздықтар жайғасты. Ал үздік үштікті Нарынқол ауылы түйіндеді. 

Сондай-ақ оқыңыз: