Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтті

Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Алқалы басқосуда Әділет министрі сондай ақ  Сенат және Мәжіліс депутаттары баяндама жасады. 


Өткен отырыстың қортындысы бойынша сөз алған мәжілісмен Снежанна Имашева енгізілген өзгерістің салыстырмалы кестесін таныстырды. Әрі ол Ата Заңның кіріспесін бастап, бірінші баптан отыз тоғызыншы бапқа дейінгі нормаларды кезең-кезеңімен қайта қарауды ұсынды. Отырыста бұған қоса адам капиталын дамыту мен ғылым мен мәдениетті қолдау туралы да сөз болды. Қоршаған орта мен отбасы институтын кемелдендіруге қатысты да тың ұсыныстар айтылды. Еске сала кетсек аталған комиссия құрамында жүзден астам мүше бар.

СНЕЖАННА ИМАШЕВА 
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 
"Бірінші бапқа жаңа тармақ қосу ұсынылады, онда Қазақстан Республикасының білім, ғылым, инновациялар мен мәдениеттің дамуын мемлекеттік саясаттың стратегиялық негізі ретінде танығаны бекітіледі. Бұл жөнінде Конституциялық комиссияның бірінші отырысында Күлекеев мырза айтып өткен болатын. Аталған түзету Конституцияға айқын стратегиялық бағдар енгізеді, яғни мемлекет өзінің тұрақты дамуы тек табиғи ресурстар мен экономикаға ғана емес, ең алдымен адамға, оның біліміне, дағдысына және мүмкіндігіне сүйенетінін мойындайды"

Ал, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин кезекті Конституциялық комиссия отырысы - Парламент реформасына арналғанын  атап өтті. Аталған топ жарты жылда болашақ Парламенттің жұмысы, сайлау тәртібі және өкілеттітік мәселелерін қарастыруы тиіс. Комиссия төрайымы Эльвира Әзімованың айтуынша, мұнда екі мыңнан аса ұсыныс қаралады.

Сондай-ақ оқыңыз: