Тәуелсіздік күні: Қонаевта бизнес орындары безендірілді
Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қонаев қаласының кәсіпкерлері мерекелік бастамаға үн қосты. Қаладағы дәмханалар, сауда нысандары мен қызмет көрсету орындары мемлекеттік рәмізбен безендіріліп, Ту ілінді.
Кәсіпкерлер өз нысандарын мерекеге сай сәндеп, қаланың көркін аша түсті. Бұл бастама – Тәуелсіздікке деген құрметтің, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухтың айқын көрінісі.
Мұндай игі шаралар қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайта түседі.