Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні алғаш рет ресми түрде аталып өтті
Алматы қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні алғаш рет ресми түрде аталып өтті. Бұл күн салада қызмет етіп жүрген мамандар мен ардагерлер үшін маңызды оқиғаға айналды.
Іс-шара Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталып, қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына үлес қосқан ардагер қызметкерлердің еңбегі еске алынды. Салтанатты рәсім барысында жас қызметкерлер ант қабылдап, заң мен мемлекетке адал қызмет етуге дайын екендерін растады.
Мерекелік бағдарламаның негізгі бөлігі — Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің грамоталары мен медальдарымен марапаттау болды. Марапаттар адал қызметі мен жүйенің дамуына қосқан үлесі үшін табысталды.
Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері күн сайын күрделі жағдайда қызмет атқарады. Олардың кәсібилігі мен антқа адалдығы қоғамдағы заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.