Алматы облысы – агросалада үздіктер қатарында
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматы облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетекші аймақтардың бірі ретінде танылып отыр. Облыс ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша республикада екінші орынға шығып, ел үлесінің 12 пайызын қамтамасыз етті. Жалпы өндіріс көлемі – 220,6 млрд теңге. Нақты көлем индексі – 103%.
Тұрақты өсім: мал шаруашылығы
Мал шаруашылығында өсім айқын байқалады. Ірі қара мал басы – 19,1%-ға, ұсақ мал – 3,1%-ға өсті. Бұл өңірге республика бойынша ет өндірісінде бірінші орын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, сүт өндірісі 3,8%-ға артты. Бүгінде облыста:
- 21,7 мың басқа арналған 56 сүт фермасы,
- 47,8 мың басқа арналған 56 бордақылау алаңы жұмыс істейді.
Биыл 13 жаңа тауарлы сүт фермасының құрылысы қаржыландырылды. Оның 8-і іске қосылды, қалғандары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл жылына қосымша 30 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді.
Құс шаруашылығы: тұрақты көшбасшылық
Облыс құс еті өндірісі бойынша да бірінші орында. Жартыжылдықта 71,1 мың тонна құс еті өндірілді – бұл ел көлемінің 30,2%. Қазіргі таңда:
- Жылдық қуаты 153,5 мың тонна болатын 6 ет бағытындағы құс фабрикасы,
- 515 млн дана жұмыртқа өндіретін 3 фабрика,
- 80 млн инкубациялық жұмыртқа өндіретін репродуктор бар.
«Прима Құс» ЖШС екінші кезеңін іске асырып, өндірісті тағы 8,8 мың тоннаға арттырады.
Егін шаруашылығы: көлем мен өнімділік артуда
Егістік жерлер көлемі 10,2 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 434,1 мың гектарға жетті. Оның ішінде 171,7 мың гектары дәнді дақылдарға бөлінген. Бүгінде 68 мың тонна астық жиналды.
80,8% көлемде – 49,1 мың тонна минералдық тыңайтқыштар себілді.
Су үнемдеу технологиялары
Облыста:
- 9 мың га жерге тамшылатып суару,
- 11,2 мың га жерге жаңбырлатып суару енгізілді.
Жыл соңына дейін қосымша 9,5 мың га суармалы жер енгізіледі.
Техника мен қолдау
Жыл басынан бері 251 ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды (4,2 млрд тг). «Кең дала» бағдарламасы бойынша – 2,7 млрд тг.
СПК «Qonaev» арқылы – 2 млрд тг жеңілдетілген несие берілді.
Инвестиция
АПК-ке 59,5 млрд теңге инвестиция тартылды:
- ауыл шаруашылығына – 16,7 млрд тг,
- тамақ өнеркәсібіне – 21,1 млрд тг,
- сусын өндірісіне – 21,7 млрд тг.
Қазіргі таңда 33,5 млрд тг болатын 17 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 7 жоба аяқталды.
Зиянкестермен күрес
113,9 мың га аумақта өңдеу жұмыстары жүргізілді. 46 техника (6 ұшақ, 2 дрон, 15 бүріккіш) тартылды.