Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында ауқымды «Nauryz Sale» науқаны басталды

Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында ауқымды «Nauryz Sale» науқаны басталды. Акция аясында сауда нысандары кең көлемде жеңілдіктер ұсынып, азық-түлік пен тұрмыстық тауар бағасы 50 пайызға дейін арзандайды.

Науқанға 300-ге жуық сауда субъектісі қатысып жатыр. Олардың қатарында ойын-сауық орталықтары мен онлайн дүкендер бар. Алматы облысы бойынша 85 сауда нысаны белсенділік танытуда. 

ЖЕҢІСБЕК АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Аудан, қалалар бар  Алатау қаласы, Іле, Еңбекшіқазақ деген сияқты, Ұйғыр ауданы да осы іс-шараға ұйымдастырып, барлығын қосқанда 85 ірі сауда субъектілері, сауда дүкендері осы қатысып, іс-шараны өткізіп жатыр. Бұл жерде Наурыз сейл науқаны жалпы азық-түлік өнімдеріне және азық-түлік емес өнімдерінің барлығына белгіленген.

Сауда залдарында «Nauryz  sale» атауымен арнайы безендірілген белгілер, баннерлер мен көрсеткіштер орнатылды. Сатып алушыларға  қажетті тауарды тез табады.  

НҰРМҰХАНБЕТ СЕҢГІРБАЙ
САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Алдыңғы жылдары біздер «Bereke Fest» деген ұйымдастырғанбыз, сонда қатысқанбыз. Енді «Nauryz Fest»-те бірінші рет қатысып тұрмыз осы жылы.  Каталогтарымыз бар, сайттарымызда жарнама жасалады. Кассада және сатушылар өзі жанына айтып тұрады және де бағалар көрсетілген «Nauryz Fest»-пен белгіленген.

Мерекеге орай цифрлық технологияларды дамытуды көздейтін Sauda in Digital Nauryz» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар бірнеше аталым бойынша бақ сынайды. Жеңімпаздар 20 наурыз күні анықталып, марапатталады.

Сондай-ақ оқыңыз: