Қазақстан жастарын қолдауға арналған мемлекеттік жобасы өңірлерде іске асып келеді

«Тәуелсіздік ұрпақтары» Қазақстан жастарын қолдауға арналған мемлекеттік жобасы  өңірлерде іске асып келеді.

Мысалы,  былтыр  Пернегүл Кемелханқызы Нарынқол ауылында   сауықтыру  орталығын ашуды  ұсынып, грант иегері атанды. Араға 5 ай салып, жас кәсіпкер ісін сәтті бастады. Бүгінде орталыққа келушілер саны артып келеді.Бұл жоба жастарға көрсетілген қолдаудың нақты нәтижесін байқатады. Кәсіпкердің бастамасы — ауылда кәсіп ашып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге болатынын дәлелдейтін жақсы үлгі. Ал «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы осындай тың идеяларды қолдап, жастардың өз ісін бастауына мүмкіндік беретін маңызды бағдарлама.

ПЕРНЕГҮЛ КЕМЕЛХАНҚЫЗЫ
“ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ” ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Бұл орталықты ашудағы басты мақсатымыз, балалардың денсаулығын жақсартуға, жақсы дамуына және демалуына көмектесу. Гидромассаж қан айналымын жақсартуға, ағзаны босаңсытып, жақсы өсіп, дамып өте пайдалы процедура.

НҰРБЕРГЕН НҰРҚАНАТҰЛЫ
ЖАСТАР  РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Осындай жобалар арқылы жастар кәсіпкерлікке қадам басып, ауыл тұрғындарына пайдалы қызмет көрсетуде. Біз жастарға қызмет көрсету орталығы жастардың бастамаларына  қолдау көрсетуге әрдайым дайынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз: