Алматы облысына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев келді

Алматы облысына жұмыс сапарымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев келді. Ол жергілікті кәсіпкерлермен жүздесіп, саладағы өзекті мәселелерді ортақ талқыға салды.Қанат Шарлапаев өңірдегі кәсіпкерлік саласының әлеуетін жоғары бағалады. Палата тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына тоқталып, бизнесті қорғау мәселесі басты назарда болады деді. 

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ 
АТАМЕКЕН ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«...Бүкіл орталық Атамекеннің аппараты сіздеродің өкілдеріңіз, сол осы жұмысты қолға алып әрине өңірлік палаталарды күшейтуіміз керек одан кейін орталықтың өңірлік палатамен байланыстыру керек. Қазіргі таңда нақты шешімдер, нақты ұсыныстар үкіметке беруіміз керек"

Бүгінде облыс экономикасы республика бойынша үздік бестікке еніп отыр. Соңғы үш жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 6 трлн теңгеге жеттті.  Өңір басшысының айтуынша, қазір өнеркәсіптің 90 пайызы өңдеу секторына тиесілі. Алдағы уақытта «Қайрат» сияқты тағы 15 жаңа индустриялық аймақ құру жоспарланып отыр, бұл инвесторлар үшін жаңа мүмкіндік.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«алдағы кезеңде біз үшін ең негізгі міндеттердің бірі бизнесті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай қалыптастыру, кедергілерді азайту және мемлекете пен кәсіпкерлер арасындағы серіктестікті одан ары нығайту. Бүгінгі кеңес осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, ашық диалог алаңына өзекті мәселелер талқылап  шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты нақты ұсныстар мен бастамалды пысықтауға негіз болады деп сенемін.

Бұл бастамалар ірі кәсіпорындармен қатар, шағын және орта бизнестің де дамуына жол ашуда. Қазір өңірде 152 мыңнан астам бизнес субъектісі бар. Қанат Шарлапаев  жергілікті өндірушілердің өнімдерімен танысты. 

ЖАРҚЫНАЙ ЕДІЛҚЫЗЫ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
«Осы сүт өнімдерімен айналысамын. Ескі, дәстүрлі, тарихи. Бір ауыл-бір өнім 25 жылғы соның финалістімін, жақында міне грант бұйырса  аламын. 5 млн теңге. СКЛ  Өзім жұмысымды жеңілдету үшін, жаңағы құрты кептіретін арнайы шкафтар болады, сондай және аппараттар болады арнайы құрттар жасайтын өте үлкен мөлшерде жасап мысалы халықты қамтамасыз етуге болады.

Шағын және орти бизнесте өзекті мәселе аз емес. Кездесуде кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.  

ЕЛЕНА ЛИ 
«DOLCE-PHARM» ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ  НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ 
Аударма  «Денсаулық сақтау министрлігінде формулярлық комиссиялардың өткізілмей жатқанына 4 жыл болды. Бұл бүкіл саланың дамуын тежейді. Сізден осыған ықпал етуді сұраймыз. Ұзақ мерзімді келісімшарттар бұғаттау  отандық инвесторлар үшін тиімсіз. Бұл өкілеттік кезінде «СК-Фармациядан» министрлікке берілген. Біз соны кері қайтаруды сұраймыз».

ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ 
«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Былай жасайық. Екі заңгер жалдап, мәселені нақты тармақтар бойынша талдаңыздар. Егер нақты бұйрықтарға өзгерістер енгізілсе, сала мынадай көлемде өсім береді деп кепілдік берулеріңіз керек. Келесі комитет отырысына сіздерді шақырамыз, сол жерде ұжымдық түрде талқылаймыз. Осылайша мәселені жүйелі түрде шешеміз»

Сондай ақ жиында күн энергетикасын дамыту және тұрғын үй құрылысы сияқты мәселелер де айтылды. 

Сондай-ақ оқыңыз: