Алматы облысындағы еңбек нарығының дамуы

Алматы облысында халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы өңірде 70 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 56 мыңнан астамы-тұрақты, ал 13 мыңнан астамы -уақытша жұмыс орындары. Сонымен бірге өз кәсібін бастаймын деген жандарға мемелекеттік қаржылай гранттар берілді.

Жұмыспен қамту ісінде «Еңбек мобильді орталығы» алты негізгі бағдарламаны іске асырады. Соның аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады.

АБЫЛАЙ ЗУАЙДА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ “ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ” БАСШЫСЫ
«Толық өзіміздің 6 бас жобамыз бар. Сол бойынша біз жұмыссыз азаматтарды бөлек мемлекеттік бағдарлама арқылы  жұмысқа таратамыз былайша айтқанда, еңбек шаралары болып есептеледі. «Жастар тәжірибесі», «Күміс жас» жобасы, қоғамдық ақылы жұмыстар, мемлекеттік гранттар беріп жатырмыз. Осы бағыттар бойынша қарқынды жұмыстар облыс көлемінде жүргізіліп жатыр. 2025 жылдың қорытындысы аясында, облысымызда 57 ярмарка вакансий өткізілді, оған жалпы 3000-ға жуық жұмыссыз азамат тіркеліп қатысқан болатын»

Кәсіпкерлікті қолдау бағытында өткен жылы 260 азаматқа 400 АЕК көлемінде грант берілді. Қысқа мерзімді оқуға 700-ден астам адам қатысып, олардың көбі тұрақты жұмысқа орналасты. Биыл 950 грант беру жоспарланған. Мемлекеттік қолдаудың игілігін көргендердің бірі-Алатау қаласының тұрғыны Гүлсина Оңғарбаева. Ол грант арқылы логопед-дефектолог кабинетін ашып, бір адамды жұмыспен қамтуда. Кәсіпкер алдағы уақытта қызмет аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

ГҮЛСИНА ОҢҒАРБАЕВА
КӘСІПКЕР
«Сол алынған қаражатқа кабинетімді толық жабдықтадым, ол кабинет действующий кабинет, бұрыннан істеп тұрған 2022 жылдан бері өзім логопед-дефектолог қызметін атқарамын. Өзімде бар кабинетті мен полностью қосымша жабдықтауға  грант ұтып алдым. Қазірге таңда менде 1-ақ адам жұмыспен қамтылып отыр. Әлеуметтік кәсіпкер статусын алып, сол статусты алғаннан кейін грантқа беріп көрем, егер ұтып жатқан жағдай болатын болса мен кішкене помещениені үлкейтіп, сол жаққа жұмыскерлермен қамтып, тағы да үлкейсем бе деген ойым бар»

«Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары арқылы мыңдаған адам еңбекке тартылды. Бұл-зейнет жасына жақындаған азаматтарды қайта еңбекке тартудағы маңызды тетік. Ал, жастар практикасының тиімділігін өз тәжірибесімен дәлелдегендердің бірі - Аружан Рахымқұлова. Ол тәжірибесіз маман ретінде жұмыс бастап, бүгінде орталықтың бас есепшісі қызметін атқарады.

АРУЖАН РАХЫМҚҰЛОВА
БАС ЕСЕПШІ
 «2023 жылы жоғары оқу орнын аяқтап, тәжірибесіз осы бағдарлама бойынша жастар практикасы арқылы жұмысқа кірген болатынмын. Бастыпқы бір жарым ай көлемінде жастар практикасы арқылы өзімді көрсеткеннен кейін, штатқа есепші ретінде қабылдаған болатын. Қазіргі таңда айтатыным  осы бағдарлама арқылы тәжірибесіз-ақ жақсы маман иесі болып, өздеріңіздің жұмыс жолдарыңызды бастауға күшті бағдарлама деп айта аламын»

Өкен жылы 51 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, мыңдаған адамға мүмкіндік ұсынылды. Нәтижесінде жүздеген азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Алматы облысында жұмыспен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл көрсеткіш мемлекеттік қолдаудың тиімді екенін көрсетіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: