Алматы облысында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Алматы облысында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Заманауи технологияларды енгізу арқылы өнім көлемі артып, сапасы да жақсара түскен. Мәселен, LST AGRO серіктестігі жылына 4 мың тоннаға жуық қызанақ өндіреді. Ал өнімнің басым бөлігі экспортқа жөнелтіледі.
Жылыжай кешені 2014 жылы нарыққа қадам басқан. Содан бері жылыжай аумағы кеңйіп, өндіріс көлемі де артып келеді. Кешенде негізінен қызанақ өсіріледі. Қияр мен баялды да бар. Мамандардың айтуынша, жаз мезгілінде жылыжайда жұмыс істеу күрделене түседі, себебі ішкі температура 50 градусқа дейін көтеріледі. Десе де, өнімнің жақсы күтіп бапталуы үшін қажетті технологиялар қарастырылған.
АЙГҮЛ МҰХАМЕДИЯРОВА
ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аударма « Жылыжай кешені заманауи технологиялармен толық жабдықталған. Мұнда жылыту, қосымша жарықтандыру, суды тазартуға арналған кері осмос жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ жылыжай ішінде көлденең перделеу жүйесі орнатылған. Бұл жүйе арқылы жылыжай жабылып, қажетті микроклимат сақталады. Бұдан бөлек, температура мен ылғалды автоматты түрде реттейтін климатты басқару бар.
Жылыжайда тұқымдар маусым айында себіледі, өнім шілде айында жиналады. Осы аралықта өсімдіктер шамамен 15 метрге дейін өседі.
ЮРИЙ МУРИЕНКО
БАС АГРОНОМ
Аударма «Егер тұқым тамызда себілсе, алғашқы өнім қарашада жиналады. Қысқы кезеңде күн аз болғандықтан, өсімдіктерге жарық жетіспейді, сол себепті түсім азаяды. Сондықтан жылыжайда жасанды жарықтандыру лампалары қолданылады. Олар өсімдіктерге қажетті жарықты беріп, өнімділікті қамтамасыз етеді»
Агрономдар жылыжайдағы әрбір өсімдіктің дамуын жіті бақылауда ұстайды. Олар өсімдіктің өсіп-жетіліп, жеміс беру кезеңін үнемі қадағалайды.