Хоббиден басталған табыс!

Райымбек ауданы, Қайнар ауылында ұлттық қолөнерді жаңғыртып жүрген жас ана тұрады. Аида Нұржақып бес жылдан бері қыз жасауын жасап, этно стильдегі бұйымдар тігумен айналысады. Бүгінде оның қолынан шыққан дүниелерге сұраныс жоғары.

Тігінгі Аида Нұржақыптың  хобби ретінде бастаған ісі бүгінде шағын кәсіпке айналған. Шебер ұлттық нақыштағы көрпе-жастық, қыз жасауына арналған бұйымдар, түрлі сөмкелер мен этно стильдегі киімдер тігеді.

АИДА НҰРЖАҚЫП
ТІГІНШІ 
Жалпы қазіргі таңда тапсырыстарымыз өте көп. Осы Райымбек ауданы бойынша, Кеген, Нарынқол және жан-жақтағы ауыл-аймақтарымыз бойынша заказдарымыз көптеп түседі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына дейін таза өзіміздің өңірімізден шыққан қойдың жүнінен жасалған осы сапалы көрпелерімізді почтамен салып жібереміз.

Әрбір бұйым қазақы ою-өрнекпен безендіріліп, ұлттық дәстүрді дәріптеуге бағытталған. Тігінші қолөнерге қызығушылығы бала кезден басталғанын айтады.

АИДА НҰРЖАҚЫП  
ТІГІНШІ                                                                                                                                                                                                                                                    

Менің болашақтағы ең басты арманым, осы кәсібімді үлкен цех көлемінде үлкейтіп, үлкен цех ашып, бүкіл ауыл-аймағымызды  жеңіл өнеркәсіпті дамыта отырып, осы көрпе-жастығымызбен қамтамасыз етуге бағыттағым келеді.

Қолөнермен айналысу Аида үшін тек сүйікті іс қана емес, ұлттық дәстүрді насихаттаудың бір жолы. Ол әрбір бұйым арқылы қазақы нақыш пен салт-дәстүрдің мәнін жеткізуге тырысады.

Сондай-ақ оқыңыз: