Еліміздегі балаларға арналған сүт тағамын өндіретін бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан
Еліміздегі балаларға арналған сүт тағамын өндіретін бірегей зауыт Алматы облысында орналасқан. Бұл – Қазақ тағамтану академиясы жанынан құрылған «Амиран» кәсіпорыны. Кәсіпорын 2010 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Бүгінде зауытта заманауи технологиялар қолданылып, өнім сапасы қатаң бақылаудан өтеді.
Зауыт тәулігіне 15 тоннаға дейін сүт өңдеп, дайын тауарды нарыққа жөнелтеді. Балаларға арналған 5 тағам түрін шығарады. Кәсіпорын жанында қожалық бар. Қажетті сүт шаруалардан жиналып, күн сайын зауытқа жеткізіледі» дейді мамандар
ҒАЗИЗА БАЙСЕКОВА
ТЕХНОЛОГ
Сүт зауытқа біздің өз фермаымыздан жеткізіледі, ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Шеңгелдң ауылында орналасқан.Барлық өнім күнбе-күн алынған сүттен дайындалады: стерилизациядан өткізіледі, ұйытылады, және келесі таңға дейін өнім толық дайын болады.Біздің ферма заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, ал сиырлар жақсы жағдайда ұсталады, бұл сапалы сүт алуға мүмкіндік береді
Кәсіпорында шығатын тағамның жарамдылық мерзімі 3-10 күн аралығында. Тауар құрамында консерванттар жоқ. Жалпы сүт өнімі сапалы болса, ол ас қорыту жүйесін жақсартып, ішектегі зиянды микрофлораны азайтуға әсер етеді.
ПЕРИЗАТ ОРАЗБАЕВА
ЗЕРТХАНАШЫ
«Амиран» компаниясының жұмыс жүйесі инновациялық тәсілдерге негізделген. Кәсіпорында 200-ден астам адам еңбек етеді. Өнімнің негізгі сату нарығы — Алматы қаласы мен Алматы облысы.