Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қытайлық инвесторлармен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қытайлық инвесторлармен  кездесті. Жиында  сауда- экономикалық байланысты дамытып, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.Әсіресе, аграрлық саладағы ортақ жобаларды қолға алып,  көлік пен логистика инфрақұрылымын жетілдіру,  өңірдің туристік әлеуетін арттыру  бойынша бірқатар ұсыныс айтылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу, суды үнемдеу мен  қайта өңдеу жолдары талқыланды.

ҚАНАТ ЕСБОЛАТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
«Көтеріп кеткен сұрақтарының  бірі ішінде ауыл шаруашылығы жағынан жаңағы су үнемдеу технологиясы бойынша, өсімдік өсіру бойынша басқа да сұрақтар талқыланды. Енді осыған байланысты біздің облыстан делагация сол Қытай халық Республикасына іс-сапармен келуге шақыру ұсынып кетті. Қазір енді бұл кісілердің қызығушылығына байланысты біз өзіміздің ұсыныстарымызды беретін боламыз. Әрі қарай егер қызығушылық танытып жатса сол инвесторлармен тікелей жұмыс атқаратын боламыз»

Сондай-ақ оқыңыз: