Отандық пластикалық өнім
Еңбекшіқазақ ауданында пластикалық өнімнің екі жүзден астам түрін шығаратын зауыт бар. Кәсіпорын жүзден астам өңір тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Енді өнеркәсіп жаңа технологияны іске қосты.
Мұнда тұрмыста жиі қолданатын қарапайым өнімдерді көреміз. Өндіріс көлемі жылына бес жүз мыңнан асады. Ал өнім түрлері екі жүзден көп. Кәсіпорын тағам және техникалық мақсатта өнім дайындайды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, сауда, логистика және өндіріс саласында да кеңінен қолданылады. Тіпті тапсырыс берушінің талабына сай жеке үлгідегі тауар шығаруға болады дейді мамандар.
НҰРГЕЛДІ СЕРІКҰЛЫ
БАС ИНЖЕНЕР
«Бізде күндізгі смен де, түнгі смен де бар. Жұмыс бұл жерде тоқтамайды. Бізде сондай обьем болғаннан кейін , заказ көп болғаннан кейін жұмысты тоқтатпаймыз. Бұл жерде не только шелек, бұл жерде тазик та бар, мусорный бактар да бар, тазиктардың да литражы 10-15, 20-25, 30-35 солай кете береді.»
Кәсіпорын ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, Орта Азия елдерінен сұраныс жоғары. Қазір өндіріс қуатын тұрақты етіп, экспорт көлемін ұлғайтып тұрған - қысыммен құю технологиясы.
НҰРГЕЛДІ СЕРІКҰЛЫ
БАС ИНЖЕНЕР
«Россиямен де қазір жұмыс істеп жатырмыз. Оларда да бізден алатындар жаңағы ящкитар жаңағы айтқан. Айтатын болсақ, алмаға ящик, клубникаа ящик, малинаға яящик, сүт өнімдеріне ящик, құс фабрикасына ящик. Бізде ящиктің түр түрлері бар. Олармен қамтамасыз етіп, жұмыс істейміз. Алматы облысында қаншама зауыттармен жұмыс істеп отырмыз.»
Өндіріс көлемін ұлғайтып, қосымша жұмыс орындарын ашу басты мақсат. Сондай-ақ «экспорт көлемін арттырсақ, халықаралық нарыққа шығқымыз келеді дейді кәсіпорын басшылығы.