Отандық өнімге бетбұрыс
Алматы облысының экономикасында өңдеу өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Жыл сайын өз өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың үлесі артып келеді. Олардың қатарында азық-түлік өнімдерін, сусындар, тігін бұйымдарын және құрылыс материалдарын өндіруге маманданған компаниялар бар. Солардың бірі Талғар ауданында табысты жұмыс істеп тұр.
«Комфорт-Сантехника» компаниясының директоры, Гүлдала ауылының тұрғыны Ильхам Абдуллаев саудамен айналысқан. Ол шетелден сантехникалық және құрылыс материалдарын, лак-бояу өнімдерін тасымалдаған. Яғни құрылыс пен тұрғын үйді жөндеуге қажетті барлық тауарларды әкелген. Алайда ол үнемі өз кәсібін ашып, өндіріс саласына бет бұруды армандады.
ИЛХАМ АБДУЛЛАЕВ
КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ
«Кәсіпорын жұмысын бастағанда, қиындықтар болып, ұйымдастырушылық мәселелерде кедергілер кездесті. Бірақ жергілікті биліктің қолдауымен бәрән еңсердік. Жалпы, елімізде өндіріс ашу өте тиімді. Бар жағдай жасалған, мүмкіндіктер көп, Сондықтан өндірісті дамытып келеміз.»
Он жыл ішінде компания кеңейіп, тапсырыс саны артты. Қосалқы бөлшектер мен шикізат Қытай, Ресей мен Корея елдерінен жеткізіледі. Алайда бүгінде отандық өнім шығаратын компаниялар саны да артып келеді. Соңғы үш жылда облыс өнеркәсіптің көптеген салаларында өз позициясын нығайтты.
ИЛХАМ АБДУЛЛАЕВ
КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ
«Жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерін өндіреміз. Қазір бізде 250 түрлі өнім шығарылады. Компанияда 20 адам жұмыс істейді, ал өнім еліміздің барлық өңіріне жеткізіледі. Жыл сайын өндіріс көлемі өсуде. Жылына 1200 тонна полиэтилен шикізатын қайта өңдейміз.»
Комфорт Сантехника компаниясының өндірісі 90 пайызға автоматтандырылған, қол еңбегі тек бірнеше желіде ғана қолданылады. Қоймаларда дайын өнім жүк көліктерін күтіп тұр. Жақын арада ол жаңа үйлер мен пәтерлерге, сондай-ақ жөндеу жүріп жатқан нысандарға жеткізіледі. Жалпы бүгінде өңірдің өңдеу өнеркәсібінде 1200 ден астам кәсіпорын жұмыс істейді