Қазақстан асфальтбетонға деген ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз ете алатын елдер қатарына кіреді

Қазақстан асфальтбетонға деген ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз ете алатын елдердің қатарына кіреді. Жол саласын дамытуға Алматыдағы «Асфальтобетон-1» зауыты елеулі үлес қосып отыр. Кәсіпорын еліміздің әр өңірін сапалы өніммен қамтамасыз етеді және алты өндірістік алаңда жұмыс істейді. Сонымен қатар, зауыт жүздеген маманды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Қазақстанда  асфальтбетон өндірісі – Алматы, Астана, Павлодар, Ақтөбе және Атырау қалаларында дамыған.  Ал 60 жылдық тарихы бар  «Асфальтобетон-1» зауыты Алматы облысы мен Талдықорған қаласын өніммен қамтиды.

БАҚТИЯР АБДУМАНАПОВ
ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ
Аударма «Бізде барлық өнім мемлекеттік стандартқа сәйкес өндіріліп, зертханалық бақылау жүргізіледі. Арнайы бақылау-өткізу бекеттері бар. Әрбір көлік  тексеруден өтеді. Шикізат пен дайын өнімнің сапасы қатаң қадағаланады»

Асфальтбетон қоспасы – тез суитын материал. Сондықтан оны сақтау мен тасымалдауда белгілі бір температуралық режимді сақтау қажет. Компанияның Қазақстанда алты өндірістік нүктесі бар. Онда өнімнің 30 түрі шығарылады. Қазіргі таңда зауытта шамамен 700 адам еңбек етеді.

БАҚТИЯР АБДУМАНАПОВ
ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ
Аударма  «Қызметкерлеріміз үшін көптеген әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Ұжымдық келісімшартта әлеуметтік қолдауға қатысты 24 тармақ бар. Атап айтқанда, тегін тамақтану, жұмысқа жеткізу қызметі ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, қызметкерлерді оқытып, біліктілігін арттырамыз»

Кәсіпорында жылына 350 мың тонна асфальтбетон шығарылады.  Зауыт  еліміздегі жетекші асфальтбетон өндірушілердің қатарына кіреді. 

Сондай-ақ оқыңыз: