Талғар ауданындағы құрылыс материалдарын шығаратын зауыт өңірлік экономиканы дамытуға үлесін қосуда

Талғар ауданында  орналасқан құрылыс материалдарын шығаратын зауыт өңірлік экономиканы дамытуға үлесін қосуда. Өндірісте шығатын 30-дан астам өнімге сұраныс артып отыр. Зауыт жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды тұрақты табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Құрылыс қарқынды дамып келе жатқан аймақта осындай өндірістің болуы маңызды.

TTS QLOBAL QROUPS зауытында тіршілік қыз-қыз қайнап жатыр.  Цех ішінде техника дыбысы толастамайды. Бірі өнім дайындап жатса, енді бірі қаптайды . Бұл жерде құрылысқа қажетті негізгі материалдар өндіріледі. Үй салуға керек дүниенің бәрі осы зауыттан шығады.

ӘДІЛЕТ ХАМИТОВ
ӨНДІРІСТІҢ БАС ТЕХНОЛОГЫ
Аударма   «Алматы облысында орналасуымыздың үлкен артықшылығы бар. Қазір Алатау қаласы салынып жатыр. Бұл  өнімді жеткізу көрсеткіштерін едәуір жақсартады. Осы зауыттың арқасында біз қажетті көлемді қамтамасыз ете аламыз. Өндірістік қуатымыз жоғары – 1 сағатта 30 тоннадан астам өнім шығарамыз. Сондықтан кез келген құрылыс компаниясы бізге жүгінсе, біз әрдайым көмектесуге дайынбыз»

Кәсіпорындағы өндіріс заманауи жүйеге негізделген. Зауыттың басым бөлігі автоматтандырылған, адам күші тек бақылау қажет тұстарда ғана қолданылады. Мұнда Түркиядан әкелінген жаңа жабдықтар орнатылған. Шикізаттың 80 пайызы -отандық. Ұнтақ Текеліден, гипс Шымкенттен жеткізіледі. Ал кейбір арнайы қоспалар шетелден алынады. Бас технолог Әділет Хамитовтың айтуынша, химиялық қоспалар сапасына байланысты көбіне еуропалық өндірушілерден сатып алынады. Дайын өнімнің 60 пайызы нарыққа шығарылса,  қалғаны ірі құрылыс компанияларына тікелей жеткізіледі.

ӘДІЛЕТ ХАМИТОВ 
ӨНДІРІСТІҢ БАС ТЕХНОЛОГЫ
АУДАРМА «Бұл логотиптер “Талас” және “Тарлан Строй” дегенді білдіреді. Біз берілген жұмыс көлемін сапалы және лайықты орындауға тырысамыз.  Бұл компания нарықта 15 жылдан астам жұмыс істейді.  Осы жерде шамамен төрт-бес жыл бойы қызмет атқарып,  зауыт салдық»

Кәсіпорын бүгінде құрылыс саласына арналған 30-дан астам өнім түрін шығарады. Өздігінен тегістелетін еден қоспалары, гипсті сылақ, травертин, грунт және декоративті жабындар. Зауыт тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да өнім жөнелтеді. Өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейге тұрақты жеткізіледі. Биыл ұжым декоративті бояулар өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстанда тағы үш зауыт салу көзделген.

Сондай-ақ оқыңыз: