Алматы облысында индустриялық аймақтар жүйелі түрде кеңейтіліп келеді

Алматы облысында индустриялық аймақтар жүйелі түрде кеңейтіліп, өңірдің өндірістік қуатын арттыруға серпін беріп келеді. Бұл бастама экономиканың жаңа бағыттарын қалыптастырып, заманауи кәсіпорындардың ашылуына серпін бермек. Осы мақсатта облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов индустриялық аймақтарды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Жұмыс сапарында өндірістік алаңдардың инфрақұрылымдық дайындығы, инвестициялық жобалардың іске асу барысы қаралды.

Бүгінде облыс аумағында 6 индустриялық аймақтар жұмыс істейді. Бұл өндірістік алаңдарда түрлі бағыттағы жобалар кезең-кезеңімен іске қосылып, жаңа кәсіпорындар бой көтеруде. Мәселен, «Қайрат» индустриялық аймағында жалпы құны 125 миллиард теңгеден асатын 26 жоба қолға алынған. Нәтижесінде екі мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген. Облыс әкімінің орынбасары кәсіп иелерімен жүздесті. Кездесуде түйткілді мәселелер талқыланды.


АЙБАР БАЙТІЛЕУОВ
«UNIFRUIT PRODUCTION» ЖШС ӨКІЛІ
«Қазіргі таңда біз үшін негізгі мәселе  газбен қамту және газ құбырын көшіру. Бұл мәселе  оң шешемін тапты. Жалпы алғанда, толық қолдау бар, сондықтан жобаларымызды белгіленген мерзімде жүзеге асырамыз деп сенемін» 

Сондай ақ Қанат Есболатов Жамбыл ауданында орналасқан «Қазыбек бек» индустриялық аймағына барды. Бұл өндірістік алаңда 12 кәсіпорынға 900 гектар жер бөлінген. Жалпы  инвестиция көлемі 650 миллиард теңгеден асады. Жауапты мамандар жобалардың мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

ҚАНАТ ЕСБОЛАТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазір қосымша жерлердің мәселелері бар 300 гектар, 800 гектар. Ол бойынша аудан әкімшілігі Жамбыл ауданының ол жұмысты атқарып жатыр. Кейбір жерлерінде сот процестері болып жатыр, соның бәрі анықталуда. Бірақ жалпы 900 гектар жер анықталып, міне, уақытша жаңағы электричествосын тартып қойған. Қазір енді инвесторлар биыл біз жақтан мемлекеттік органнан қандай құжаттар, рұқсат құжаттары керек соның бәрін біз көмектесіп жасап, осы наурыз айынан бастап инвесторларымыз ақырындап жұмыстарын бастап кетсе екен деп отырмыз.»

Тұтастай алғанда, индустриялық аймақтар өңір экономикасына тың серпін беретін тиімді алаң. Мұнда жаңа өндірістер ашылып, инвестиция көлемі артып, тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындары құрылады. Арнайы дайындалған аумақтарда инфрақұрылым мәселесі жүйелі шешіліп, экологиялық талаптар қатаң қадағаланады. Соның нәтижесінде облыстың өндірістік әлеуеті күшейіп, экономикалық дамуы жаңа деңгейге көтеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: