Алатауда жаңа зауыт салынады

Сондай ақ АҚШ сапары аясында Президент Қасым Жомарт Тоқаев бірқатар ірі америкалық компаниялардың басшыларымен кездесті.

Мақсат – екі ел арасында инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту. Президент Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Mars компаниясы арасында жалпы сомасы 180 миллион долларға жуықтайтын инвестициялық келісімге қол қойылғанын құптады. Жоба аясында Mars компаниясы Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салады. Жаңа кәсіпорында  шикізаты терең өңделіп, құнарлы өнім шығарылады. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына Инвест» қорының қатысуымен халықаралық клиника құрылысын салу жоспарлануда. Қазақстанға Boeing 787 Dreamliner ұшақтарын жеткізу туралы келісім жасалды. Бұл АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын іске қосуға жол ашады.Сапар аясында тау-кен өнеркәсібі мен көлік транзит инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен жобалар да талқыланды. Бұл жобалар өңірлік және аймақаралық сауданы нығайтуда стратегиялық мәнге ие.

Сондай-ақ оқыңыз: