Қонаев қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысы күшейтілді

Қонаев қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру  жұмысы күшейтілді. Мамандар маусымдық көкөністердің бағасына баса назар аударып отыр.

Бұл туралы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация өкілдері мәлімдеді. Нарықтағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі.  Негізгі міндет - халық жиі сатып алатын өнімдердің қолжетімді бағасын сақтау. Әріптесім Дастан Маратұлы қаладағы азық-түлік бағасын бағамдады.   

2025 жылдың желтоқсанынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімі 19-дан 31-ге дейін ұлғайды. Енді оған көкөністер, еттің кейбір түрлері және майлылығы 3,5 нан 6 пайыз болатын сүт өнімдері де кіреді. Қазір өңірде  баға негізінен жеміс пен еттің жекелеген түрлеріне ғана тұрақтандырылды. 

ДИАННА МҰҚАШЕВА
«ҚОНАЕВ» ӘКК» АҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
АУДАРМА...Қазіргі таңда жеңілдетілген несие аясында 24 кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Олар тұрақтандыру қорының тауарларын белгіленген бағамен сатады. Бұл халық күнде тұтынатын өнімдер. Біз 18 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауарды сатып аламыз. Оның ішінде сиыр еті, жұмыртқа, сусын, консерві өнімдері  және көкөніс бар. Кәсіпкерлерді осы бастаға қатысуға шақырамыз. Бұл тұрғындарға өнімді қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік береді. 

2023 жылдан бері облыста көлемі шамамен 2,5 мың тоннаны құрайтын тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қорда қант, ұн, жарма, макарон, күнбағыс майы және тұз бар.. Бүгінге дейін 900 тоннаға жуық өнім өңірдегі 70 сауда нүктесінде жеңілдетілген бағамен сатылған. Мәселен қант 387 теңге, макарон келісі 250 т, күнбағыс майы литріне 800 теңгеден саудалануда. Облыс орталығында екі әлеуметтік павильон жұмыс істейді, тағы бес орынға конкурс жарияланған. Сондай-ақ үй жанындағы дүкендерде де тауарлар төмен бағамен ұсынылып, тұрақты түрде акциялар ұйымдастырылып келеді.

ЗИНАИДА ТЕПЕРИКОВА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Акция кезінде жиі келеміз. Акция болмаса да аламыз. Таңдау көбірек болса жақсы болар еді. Бүгін жұмыртқа, май, қант алдық. Біз сияқты зейнеткерлерге өте тиімді. 

Мамандардың айтуынша, өңірде бағаны тұрақтандыру жұмыстары  жалғасады. Қордағы өнім  қажетіне қарай толықтырылады. 

Сондай-ақ оқыңыз: