Шонжыда жеңілдетілген несие және «Кең Дала» бағдарламасының тиімді тұстары талқыланған жиын өтті

Агросекторды серпінді дамытудың кепілі – уақытылы бөлінетін субсидия мен шаруалар ісін шапшаңдататын лизинг.  Ауылшаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалар игілігін Қарадалалық  фермерлер айқын сезініп отыр. Көктемгі дала жұмыстары қарсаңында Шонжыда  жеңілдетілген несие және «Кең Дала» бағдарламасының тиімді тұстары талқыланған жиын өтті. Ал шаруалардың науқанға дайындығы қалай?

Басқосуға Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашығы ғылыми-зерттеу институты мен «КазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының және ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын жеткізуші компаниялардың өкілдері қатысты. Сала мамандары мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндіріп, шаруаларға құжат рәсімдеу тәртібі, қаржыландыру мүмкіндіктері мен қолдау тетіктері туралы нақты кеңестер берді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында кеңінен қолданылып жүрген «Кең Дала» бағдарламасы туралы жан-жақты мәлімет айтылды. Бағдарламаның  мақсаты – көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландырып, агроөндірісті тұрақтандыру, өнім көлемі мен шаруалардың табысын арттыру. 

НҰРМӘДИ АЛИБАЕВ
«АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
...Енді қазіргі таңда мына келе жатқан Көктемгі науқан жұмыстарга дайындық барысына қаражат мәселесі бойынша, сосын сол жаңағы ҚазАгроқаржы деген компаниялар бар біздің мысалғы,ауылшарушылық басқармасының да құзырында болған мәселелер көтерілді, халыққа бұл ақпарат жеткізілді, ұсыныстарын тыңдадық дегендей, негізі сол көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысында сондай бір түсіндіру жұмыстарын жүргізу..

Соңғы екі жылда ауданда  85 дана жаңа техника алынып, жаңарту деңгейі 61% жетті. Жыл басынан бері   252 млн. теңгеге 18 дана техника сатып алынды. Ал «Кең Дала» бағдарламасы бойынша осы жылы  ауданға 783 млн теңге  көлемінде қаржылық қолдау қарастырылды.  Қазір 7 шаруа қожалығы бағдарламаға қатысуға өтінім берді.

САМАТ ЖҰМӘДІЛ
ҰЙҒЫР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
Жалпы асыл тұқымды мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуды халыққа кеңінен түсіндіруге тырыстық, халықтың, шаруа қожалықтарының көзқарасы оң, жалпы көбі қызығушылық білдіруде, бұл бойынша алдағы уақытта жұмыстар толыққанды атқарылатын болады.

Сонымен бірге салаға жауаптылар «фермерлер тұқым тапшылығын көремейді, тыңайтқыштар уақытылы жеткізіледі» деді. Көктемгі дала жұмысына дайындық пысықталған. Алдағы науқанға аудандағы 771 техника түгелдей дерлік әзір. 

Сондай-ақ оқыңыз: